БІЗ ТУРАЛЫ

«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ» ұлттық байқауы 1997 ж. құрылды
Осы жылдар ішінде ҚР әр өңірінде Байқаудың Өкілдіктері ашылды, облыстық тур жеңімпаздары жыл сайын Байқаудың ұлттық финалына өз өңірлерінің атынан қатысады.

Байқау – бұл жер бетіндегі ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабамыздың көрегендігі мен даналығынан көрініс беретін сұлулыққа деген құрмет. Азия мен Еуропа мәдениеттерінің торабында тұрған Қазақстанның географиялық жағынан орналасуы нәзік жандыларға тән сұлулықтың бірегей, өзіндік, ерекше үлгісін қалыптастыруға септігін тигізді.
Байқаудың мақсаты: қазақ тілінің, ұлттық кәсіптердің, мәдени мұраның, ұлттық киімдердің, дәстүрлі тағамдардың этникалық негіздерін сақтау және насихаттау. Қазіргі қазақ қыздарының рухани ажарын көрсету, жастарды сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу, ұлттық рух пен мәдени мұраны сақтау.

«Қазақстан аруы» байқауы Қазақстан Республикасы аумағындағы «Жер жүзі аруы» (АҚШ), «Әлем аруы» (Ұлыбритания) сияқты әлемдегі ірі байқаулардың арнайы лицензиясының жалғыз иегері болып табылады. Елімізді осындай ауқымды алаңдарға таныстырудың әсері орасан зор, бұл халықаралық аренада Қазақстанның танымалдылығын арттыруға және шетелдік туристердің туристік бағыттарымызға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

«Қазақстан аруы» ұлттық байқауы жай ғана сұлулық байқауы емес. Бұл қашанда «Сұлулық пен қайырымдылық!» деген ұранмен өтетін жоба. «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпаздары еркін ерік елшісі болып, өз титулдарын дәлелдейді, бүкіл Қазақстан бойынша қайырымдылық жобаларға қатысады, сөйтіп еліміздің жастарына үлгі болады.

«Қазақстан аруы» ұлттық байқауы – бұл әсерлі оқиғаларға толы күрделі әрі сан қырлы әлем. Байқауға қатысу қатысушыларға өз бетінше өмір сүруге, жауапты болуға, жеңіс үшін өзінің бойындағы кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретеді!

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ