Ольга Никитина

2008 жылы лауазымды Қарағандыдан келген 19 жастағы студент Ольга Никитина жеңіп алды.

Альфина Насырова

Альфина Насырова

Конкурста жеңген сәтінде Алматы технологиялық университетінде оқыған. Оның бойы – 178 см, дене бітімінің көрсеткіштері 90-60-90. Вьетнам, Нячанг қаласында өткен «Ғалам Аруы 2008» халықаралық сұлулық конкурсының және ОАР, Йоханнесбургте «Әлем Аруы» қатысушысы. «Әлем Аруы» Топ-15 кірді. Miss Globe International 2011 халықаралық сұлулық конкурсының 4-ші вице-ару атағын алды.

Гаухар Рахметалива

Гаухар Рахметалива

2006 жылы тәжді Атыраудан келген 19 жастағы қыз ГаухарРахметалиева өлшеп көрді. Ару қыз тұрмысқа шықты, төрт баланы тәрбиелеп отыр. Әлеуметтік акцияларға белсене қатысады, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда тұрады..

Дина Нұралиева

Дина Нұралиева

Шымкенттік 20 жастағы студент Дина Нұралиева 2005 жылы конкурста жеңіп шықты. Конкурстан кейін ол туған қаласына оралып, онда бірнеше жыл «Шымкент Аруы» конкурсын ұйымдастырумен айналысты.

Кейінірек тұрмыс құрып балалы болды. 2009 жылы «Әлем Аруы» және «Ғалам Аруы» конкурстарына қатысты, ол жерде Қазақстанды ойдағыдай таныстырды. «Әлем Аруы» конкурсында топ 16 кірді.

Александра Казакова

2004 жылы Өскемендік ару Александра Казакова жеңіске жетті. Ол Ресей және Түркия модельдік агенттіктерінде жұмыс істеген. Туған қаласына оралып тұрмыс құрды, балаларын тәрбиелеуде.

Сәуле Жүнісова

2003 жылы Павлодарлық 16 жастағы Сәуле Жүнісова тәжге ие болды.Ол модельдік бизнестегі мансабын әрі қарай жалғастырған жоқ. Оқуын аяқтағаннан соң ол заңгер болып жұмысқа орналасты.

Ольга Сидоренко

«Қазақстан Аруы – 2002» конкурсында тәж Шымкенттік Ольга Сидоренкоға тиді. Ол еліміздің ең сұлуы атағын және елімізді «Әлем Аруы» конкурсында таныстыру құқын жеңіп алды. Ольга көптеген жарнамалық компаниялардың бетке ұстары болды, оны Еуропаның көптеген сән үйлері бірлесе жұмыс істеуге шақырды, бірақ ол бас тартты. Ол тұрмысқа шықты, балаларын тәрбиелеумен айналысады.

Гүлмира Махамбетова

2001 жылы «Қазақстан Аруы» атағын Астана өкілі Гүлмира Махамбетова жеңіп алды. Сол сәтте ол 16 жаста болатын.

Маргарита Кравцова

2000 жылы еліміздің ең сұлуы деп алматылық Маргарита Кравцованы таңдады. Бұл оның жалғыз тәжі емес болатын – 2000 жылы ол Ұлыбританияда «Әлем Аруы» конкурсында вице-ару болған. Конкурстардан кейін алматылық ару біраз уақыт шет елде тұрды. Содан кейін Қазақстанға оралды, «Тонаушылар олимпиадасы» картинасына түскен, телевиденияда жұмыс істеді. Қазіргі уақытта қыздарын тәрбиелеуде және жұбайымен Мәскеуде тұрады.

Әсел Исабаева

1999 жылы 19 жастағы алматылық Әсел Исабаева жеңіске жетті

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ