Айман Назенгалиева

Айман Назенгалиева
Таланттар конкурсының қатысушысы «Инстаграм Аруы» Айман Назенгалиева. «Анама» өлеңі, авторы Айман Назенгалиева

Айнұр Шаймарданова

Таланттар конкурсының қатысушысы «Орал Аруы» Айнұр Шаймарданова Айнұр «Ерке Қыз» халық биін биледі

Балқия Сазанова

Балқия Сазанова
Таланттар конкурсының қатысушысы «Ақтау Аруы» Балқия Сазанова. Домбыра, авторы Құрманғазы: Балбырауын

Далида Наукенова

Далида Наукенова
Алматы таланттар конкурсының қатысушысы – Далида Наукенова Далида «Үкілім-ай» халық әнін орындады

Жанзира Карибаева

Жанзира Карибаева
Таланттар конкурсының қатысушысы «Инстаграм Аруы» Жанзира Карибаева Жанзира Евгений Брусиловскийдің «Боз Айғыр» сьюитасынан финалды қобызда орындады

Әлия Мергембаева

Әлия Мергембаева
«Қазақстан Аруы – 2015» Әлия Мергембаева Ақтауда туып өскен. Әлияның үлкен ағасы, екі інісі және екі сіңлісі бар. Маңғыстау туризм колледжін аяқтаған. 2016 жылы тұрмысқа шықты, бір жылдан соң ұлды болды.

Регина Вандышева

Регина Алматыда өскен . №87 мектепті бітірген , ал сонымен қатар өнер мектебінің хореография бөлімінде оқыды. Мектептің спорт өміріне бірнеше рет қатысқан , қалалық жарыстарда өз білім мекемесінің мүддесін қорғаған . Бұдан басқа , Регина Вандышева бала кезінен бастап халық билерімен айналысқан. Лондонда « Ерке ! Ұжымының құрамында өнер көрсеткен . Сонымен қатар жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысқан, Қазақстан чемпионатының жүлдегері болды . Қазіргі кезде Санкт – Петербург университетінің студенті , мамандығы – « Экономист – менеджер » . Келесі жылы дипломын қорғауға Санкт-Петербургке барады . 2014 жылы «Алматы Аруы» сұлулық конкурсына қатысқан , ол жерде жеңімпаз болды , ал сол жылдың желтоқсан айында бүкіл республикадан келген 35 қыздан озып шығып «Қазақстан Аруы» лауазымын ұтып алды. Регина Валдышева 2015 жылы « Әлем Аруы » конкурсына Қазақстанның атынан барып ТОП – 13 кірді , сондай ақ спорт кезеңінде жүлделі орынға ие болды.

Айдай Исаева

Айдай Исаева

Айдай Исаева 2013 жылы «Қазақстан Аруы» конкурсында жеңіске жетті. Бір жылдан кейін «Ғалам Аруы» конкурсында еліміздің мүддесін білдірді. Конкурстан кейін ол отбасын құрып тұңғышын туды. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі. Қазір Айдай отбасын,фотомодель және тележүргізуші мансабын, сондай-ақ қоғамдық қызметті жемісті үйлестіріп жүр.

Әйгерім Қожақан

Әйгерім Қожақан 2013 жылы «Алматы аруы» байқауында жеңіске жеткен болатын. Сол жылы Мәскеуде алғаш рет өткен «Әлем аруы» байқауында Қазақстанның намысын қорғады.

Әйгерім «Туризм» мамандығы бойынша білім алған, қайырымдылықпен айналысады және жануарларды қорғау ұйымдарында ерікті екенін мақтан тұтады.

Жәзира Нұрымбетова

Жәзира Нұрымбетова 1991 жылы 17 қазанда Қазақстан, Кентау қаласында туылды.

2009 жылы Кентау қаласындағы № 16 политехникалық мектеп лицейін аяқтады және М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың экономика және қаржы факультетіне түсті.

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ