Қазақстан Аруы 2001

Қазақстан Аруы 2001

Қазақстан Аруы байқауының Финалы жас қала – Астана мен оның тұрғындарына арналды. ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2001 титулы ГҮЛМИРА МАХАМБЕТОВАҒА бұйырды

Қазақстан Аруы байқауының Финалы жас қала – Астана мен оның тұрғындарына арналды.

14 облыс өңірінен келген 30 ару Оралмандардың отбасымен кездесті, Қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Дәстүрлі түрде Астана қаласындағы Балалар үйіне барып, қайырымдылық көмектерін көрсетті.
Финалдың жүргізушілері : Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ЗАҒИПА БАЛИЕВА, скрипкашы, ҚР Халық әртісі АЙМАН МҰСАХОДЖАЕВА , жеңіл атлетші , Сидней – 2000 Олимпиада чемпионы ОЛЬГА ШИШИГИНА, Шоумэн ОЛЕГ ГОСТЕВ болды.

Қазылар алқасының төрағасы – Астана қаласы әкімінің орынбасары , қазақ композиторы ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВ
Байқаудың қонақтары – 31 Телерадио компаниясының президенті , болашақта FORBS KAZAKHSTAN басылымының иегері АРМАНЖАН БАЙТАСОВ.
«Русское Радио Қазақстан» директоры – Исмаил Игильманов
Асылбек Еңсепов «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2001» байқауындағы ең үздік көйлек «РАЙСА» сән театрының (Павлодар) ұлттық қазақша костюмі болды.

ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2001 титулы ГҮЛМИРА МАХАМБЕТОВАҒА бұйырды.
ФИНАЛҒА ШЫҚҚАНДАР:
III Вице-ару – ҚҰРМАНҒАЛИЕВА ӘСЕЛ
II Вице-ару – ДОКУЧАЕВА АЛИНА
I Вице-ару – ХРИПЧЕНКО ОЛЬГА

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ