Қазақстан Аруы 2004

Қазақстан Аруы 2004

ҚАЗАҚСТАН алғаш рет “ДҮНИЕЖҮЗІ АРУЫ’’ байқауына қатысты!!!
«Дүниежүзі аруы» – бұл жыл сайын өтетін халықаралық сұлулық байқауы, әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі

ҚАЗАҚСТАН алғаш рет “ДҮНИЕЖҮЗІ АРУЫ’’ байқауына қатысты!!!
«Дүниежүзі аруы» – бұл жыл сайын өтетін халықаралық сұлулық байқауы, әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі.
Байқаудың иесі – американдық кәсіпкер Дональд Трамп және NBC телекомпаниясы. «Дүниежүзі аруы» байқауы көптеген әлемдік телеарналар арқылы таратылатын орасан зор оқиға болып табылады. Трансляция Құрама Штаттарда NBC арқылы 170 – тен аса елге таратылады, сондай-ақ күллі әлем бойынша тікелей трансляциясы беріледі.

2004 жылы 12 қазанда байқаудың сегізінші финалы өтті. ҚАЗАҚСТАН АРУЫ байқауына Қазақстанның 17 қаласынан 31 ару қатысты.

2004 жылы 1 қыркүйекте Бесланда лаңкестік әрекет орын алды . Лаңкестер мыңдаған адамдарды тұтқынға алды , оның көпшілігі балалар болып шықты . Байқау бұл қайғылы оқиғаға бей-жай қарай алмады , арулар Ресей Федерациясының елшілігіне барып, қайғылы оқиғаны еске алып, гүл шоқтарын қойды, Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Сонымен қатар қыздар Алматы қаласы күнін ұйымдастыруға атсалысты, дәстүрлі түрде Алматы қаласындағы Балалар үйіне және Ардагерлер үйіне барды. ФИНАЛДЫҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ – тележүргізуші ГҮЛМИРА ДАЙРАБАЕВА (Қазақстан) және актер ДМИТРИЙ ПЕВЦОВ (РЕСЕЙ)

Байқаудың қонақтары – ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2003 СӘУЛЕ ЖҮНІСОВА және РЕСЕЙ АРУЫ 2003 ВИКТОРИЯ ЛОПЫРЕВА Финал көрермендеріне арнап автограф сессиясын өткізді. Байқау сахнасында ҰЛЫТАУ тобы

ФИНАЛҒА ШЫҚҚАН АРУЛАР: III Вице-ару – АЙНҰР АЙТАСОВА (Астана) II Вице-ару – АНАРА ПАЗЫЛОВА (Алматы) I Вице-ару -ДАИНА ӘБДІРАЙЫМОВА (Алматы)

ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2004 – АЛЕКСАНДРА КАЗАКОВА, Өскемен. Ол Қазақстанды алғаш рет жаһандық

«Дүниежүзі Аруы» сұлулық байқауында көрсету мүмкіндігіне ие болды.

ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2004 – АЛЕКСАНДРА КАЗАКОВА

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ