Қазақстан Аруы 2005

Қазақстан Аруы 2005

Салтанатты кештің жүргізушілері – КСЕНИЯ СОБЧАК ( 2005 жылы ол алғаш рет Қазақстан аруы байқауына келді) және «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының Қазақстандағы теленұсқасының жүргізушісі СЕРІК АҚЫШЕВ.

26 қазанда Алматыда ҚАЗАҚСТАН АРУЫ байқауының тоғызыншы финалы өтті.

Осы жылдар аралығында ҚР әр Өңірінде Байқаудың өкілдіктері ашылды, Облыстық Тур жеңімпаздары жыл сайын Байқаудың Ұлттық Финалына өз Өңірі атынан қатысады . Олимпиада ойындары тәрізді ҚАЗАҚСТАН АРУЫ да еліміздің жастарын эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуді насихаттау және дамыту мақсатында қатысушылардың басын біріктіріп , жақындастырады , олардың бойындағы жақсы қасиеттерді көрсетеді. Байқауға Қазақстанның 17 қаласынан 32 ару қатысты.

2005 жылы қатысушылар Қаскелеңдегі «Президент мектебіне»,«Хабар» ұлттық телеарнасына барды. Жауынгерлік рухты көтеру үшін қатысушылар Алматы шекарашылар училищесінің курсанттарымен кездесті . Кездесу шығармашылық жағдайда өтті , арулар училищенің ішкі құрылғысымен және тәртібімен танысты.

28 панфиловшылар саябағында байқауға қатысушылар екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін еске алып , Мәңгі алауға гүл шоғын қойды . « Алматы – алманың отаны» атты жобаның саясатына қолдау көрсету ретінде қатысушылар көшет отырғызды . Байқау аясындағы кезекті көрікті жер – «Медеу» мұз айдыны болды . Сондай-ақ дәстүр бойынша арулар Алматының сәбилер үйіне қайырымдылық жарнасын тапсырды.

Салтанатты кештің жүргізушілері – КСЕНИЯ СОБЧАК ( 2005 жылы ол алғаш рет Қазақстан аруы байқауына келді) және «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының Қазақстандағы теленұсқасының жүргізушісі СЕРІК АҚЫШЕВ.

Ұлттық қазылар алқасының құрамына тележүргізуші АЙГҮЛ МҮКЕЙ қосылды.Финалдың қонақтары – әнші БҮРКІТ,Скрипкашы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – ЖӘМИЛӘ СЕРКЕБАЕВА,әнші Қарақат. ФИНАЛҒА ШЫҚҚАНДАР : III Вице-мисс – МАДИНА, ШҰҢҒҰЛТАЕВА (Қарағанды), II Вице-мисс – ӘЙГЕРІМ ТӨЛЕМІСОВА (Қостанай) I Вице-мисс – СВЕТЛАНА ГУБДУЛХАКОВА (Ақтау) Тәж бен титул Алматы аруы ДИНА НҰРАЛИЕВАҒА бұйырды . Аруымыз ӘЛЕМ АРУЫ байқауында Қазақстанның намысын лайықты түрде қорғады. Еліміз Йоханнесбургті таңғалдырды . Қазақстан Гранд Финалға іліккен бес елдің бірі болды. Байқауға барлығы 112 ел қатысқан болатын.

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ