Қазақстан Аруы 2008
Қазақстан Аруы 2008
32 қатысушының ішінде Қарағанды өңірінің тумасы ОЛЬГА НИКИТИНА жеңімпаз атанды
«АСТАНА – 10 ЖЫЛДАҒЫ ЖЕТКЕН ТАБЫС!» 2008 жыл Қазақстан үшін жаңа қабылданған шешімдер жылы болды. Астана қаласына 10 жыл толды
Мерейтой құрметіне орай, байқаудың финалы Астананың «Конгресс холында» өткізілді және еркін экономикалық кеңістікке айналып, инвестиция мен туристер тартылған, сәулет өнерінің қазынасы аталған жас қаланың 10 жылдық мерейтойы «АСТАНА – 10 ЖЫЛДАҒЫ ЖЕТКЕН ТАБЫС!»
2008 жыл Қазақстан үшін жаңа қабылданған шешімдер жылы болды. Астана қаласына 10 жыл толды. Мерейтой құрметіне орай , байқаудың финалы Астананың « Конгресс холында » өткізілді және еркін экономикалық кеңістікке айналып , инвестиция мен туристер тартылған , сәулет өнерінің қазынасы аталған жас қаланың 10 жылдық мерейтойына арналды.
Астана қаласын « Дүниежүзі аруы » байқауының бұрынғы президенті , АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп құттықтады : « Қазақстанның астанасы Астана қаласын 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын , сондай-ақ салтанатты кешті ұйымдастырушыларды және арман қала – Астананы гүлдендіру үшін жылдан-жылға аянбай еңбек еткен жандарды да құттықтағым келіп отыр!»
Қатысушылар Астана қаласымен танысты, дәстүрлі түрде Сәбилер үйіне барды. Қазақстан үшін жас ана атану мәселесі қашан да маңызды мәселе болып табылады, бұл байқауи жылдан-жылға жауапкершілік, сезімін тудырып, отбасын жоспарлауға ықпал етіп келеді.
Финалды Байқаудың досы , әнші БҮРКІТ және « Моя прекрасная няня » телехикаясы мен “Код Апокалипсиса” фильмінің жұлдызы, керемет жан АНАСТАСИЯ ЗАВОРОТНЮК жүргізді
Астана қаласындағы“Қазақстан аруы” байқауында Байқаудың достары мен қонақтары бас қосты, олар: ЖӘМИЛӘ СЕРКЕБАЕВА, әнші ҚАРАҚАТ, ҰЛЫТАУ тобы
ФИНАЛҒА ШЫҚҚАНДАР:
III Вице-мисс – ӘЙГЕРІМ САДЫҚОВА (Павлодар)
II Вице-мисс – РИММА ТАСҚАРИЕВА (Орал)
I Вице-мисс – АЙНҰР ИСИНА (Астана)
32 қатысушының ішінде Қарағанды өңірінің тумасы ОЛЬГА НИКИТИНА жеңімпаз атанды