Қазақстан Аруы 2009
Қазақстан Аруы 2009
ҚР 14 өңірінен қатысқан 31 арудың ішінде ең сұлу атанғаны – алматылық Сымбат Мадиярова!
20 қыркүйекте Алматының АСТАНА алаңында ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2009 Ұлттық байқауының 13-ші Финалы өтті.
Алматы – «Оңтүстік астана» ретінде танымал Қазақстанның ең ірі қаласы. 2016 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша, қала халқы — 1 716 779 адам. Кейінгі ортағасырда бұл аудан түркі және монғол көшпенділерінің тұрағы болған, Алмату́деп аталған.
Алғаш Қатысушылар дәстүрлі түрде Сәбилер үйіне барып , тәрбиеленушілерге сыйлықтарын тапсырды. Сұлулар жол полициясы қызметкерлерімен бірге «Қауіпсіз қозғалыс үшін сұлулық» науқанын өткізді. Өңірлердегі байқау жеңімпаздары жол қозғалысының ережелері туралы , әсіресе мектеп жанындағы жол ережелері туралы әңгімелеп берді.
Қазақстан арулары жасыл ел саясатына қолдау көрсетеді, олар «Біз таза қала үшін» бағдарламасының аясында Сайран көлінің саябақ аумағын тазалады.
Сондай – ақ арулар футбол командасына қолдау көрсетіп , « Алға Қазақстан ! » науқанын өткізді. ХАБАР ұлттық телеарнасына экскурсияға барды . Салтанатты кештің жүргізушілері: әнші БҮРКІТ және әнші, тележүргізуші МАДИНА СӘДУАҚАСОВА
Алғаш рет ұлттық қазылар алқасының құрамына атақты дизайнер САИДА АЗИХАН қосылды Қазақстан аруы 2009 байқауының қонақтары: ҰЛЫТАУ тобы, ЖӘМИЛӘ СЕРКЕБАЕВА, “ПЕРЦЫ”, “Rin’GO” және “ALLDAVAI” топтары.
Құрметті қонақ әнші әрі композитор БАТЫРХАН ШӨКЕНОВ.
ФИНАЛҒА ШЫҚҚАНДАР:
III Вице-мисс – ГОЛУБЕВА ТАТЬЯНА (Астана)
II Вице-мисс – ДОСАЕВА НҰРЖАННАТ (Шымкент)
I Вице-мисс – ЯМЛИХАНОВА ДИАНА (Алматы)
ҚР 14 өңірінен қатысқан 31 арудың ішінде ең сұлу атанғаны – алматылық Сымбат Мадиярова!