Қазақстан Аруы 2010
Қазақстан Аруы 2010
Тәж бен атаққа ие болу бақыты Оралдың тумасы ЖАННА ЖҰМАЛИЕВАҒА бұйырды . 2011 жылы Жанна Әлем аруы байқауының Гранд-Финалындағы Топ-5 құрамына енді
Қазақстан «ӘЛЕМ АРУЫ» байқауының ТОП 10-дығына енді
ЖАННА ЖҰМАЛИЕВА (Орал) – әлемнің үздік он сұлуының бірі! 2011 жылы 6 қарашада Лондонда орасан зор ӘЛЕМ АРУЫ – 2011 сұлулық байқауы өтті. Финал салтанатында Қазақстан Республикасының атынан ҚАЗАҚСТАН АРУЫ ұлттық байқауының жеңімпазы Жанна Жұмалиева лайықты өнер көрсетті.
Алматы қаласына келе салысымен арулар Тұңғыш Президент саябағына , «Медеу» мұз айдынына барды . Сондай-ақ дәстүрлі түрде Сәбилер үйіне сыйлықтарын тарту етті. ХАБАР ұлттық телеарнасына барды,сондай-ақ сенбілікке қатысты.
Салтанатты кештің жүргізушілері : шоумэн , болашақта «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің халықаралық қатысушыларымен жұмыс істеу жөніндегі департаменттің директоры қызметін иеленген ИЛЬЯ УРАЗАКОВ және әнші, тележүргізуші – МАДИНА СӘДУАҚАСОВА.
Ұлттық қазылар алқасының құрамына Қазақстан халқының көңілінен шығатын актеріФАРХАТ АБДРАИМОВ , ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2000 , ӘЛЕМНІҢ 2 – ВИЦЕ АРУЫ , ЖЕР АРУЫНЫҢ 1 – ВИЦЕ АРУЫ атақтарының иесі – МАРГАРИТА КРАВЦОВА
Fashion – продюсер СӘКЕН ЖАҚСЫБАЕВ енді.Финалдың қонақтары БҮРКІТ, “JADO” тобы, «ALL ДАВАЙ» тобы, музыкант ЕРЛАН КӨКЕЕВ.
ФИНАЛҒА ШЫҚҚАНДАР :
III Вице-мисс – АНАСТАСИЯ РОССОШАНСКАЯ ( Алматы ) ,
II Вице-мисс – САЛТАНАТ БЕКЖІГІТОВА ( Алматы ) ,
I Вице-мисс – ЖАНАТ НҰРБАЕВА (Қарағанды)
Тәж бен атаққа ие болу бақыты Оралдың тумасы ЖАННА ЖҰМАЛИЕВАҒА бұйырды . 2011 жылы Жанна Әлем аруы байқауының Гранд-Финалындағы Топ-5 құрамына енді.