Қазақстан Аруы 2011
Қазақстан Аруы 2011
ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2011 жеңімпазы Талдықорған аруы АЙНҰР ТӨЛЕУОВА . Айнұр ең жас жеңімпаз атанды, Финал кезінде ол небәрі 16 жаста болды
Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл! ҚАЗАҚСТАН АРУЫ Ұлттық байқауына 15 жыл!
2011 жыл Қазақстан үшін мерейтойлы Тәуелсіздік жылы болды – тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл толды. 6 желтоқсан Тәуелсіздік күнін тойламас бұрын Алматыда Қазақстан Аруы байқауының 15-ші мерейтойы өтті.
ҚР Мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаевтің құттықтау сөзі: «Байқауға қатысып жатқан арулардың көбі тәуелсіз Қазақстанда туылған . Олар Қазақстанның жаңа буын, жас ұрпағы. Осы аруларымызды біздің қазіргі , қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанымыздың нышаны деп санауға болады, өйткені олар байқау аясында өткізілген қайырымдылық жобаларға белсенді түрде қатысады немесе мемлекетімізді халықаралық аренаға паш етеді!»
Қалыптасқан дәстүрді ұстанған байқаудың финалына шыққан арулар «Жүрегіңнің жартысымен бөліс» – қан тапсыр » науқанының аясында қан тапсырды, «Алматы – студенттік шақтың қаласы!» науқанына қатысты , « Балалар үшін мейірімді аямаймыз » деген ұранмен Алматы қаласындағы SOS Kinderdorf Балалар ауылына барып , балаларға Жаңа жылдық шырша сыйлап, оны балалармен бірге безендірді. Финалған шыққан арулар футболдан Қазақстан чемпионатын қолдау науқанына қатысып, достық матч өткізді.
Салтанатты мерейтой жүргізушілері – Х-ФАКТОР жобасының Қ азақстандық нұсқасының жүргізушісі – АРНҰР ЫСТЫБАЕВ , ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2000 , 2 – ВИЦЕ ӘЛЕМ АРУЫ , 1-ВИЦЕ ЖЕР ЖҮЗІ АРУЫ 2001 – МАРГАРИТА КРАВЦОВА. Әлі бірде-бір ару Маргаританың жетістігіне жеткен жоқ. Және fashion-продюсер СӘКЕН ЖАҚСЫБАЕВ
Ұлттық Қазылар алқасының құрамында тележүргізуші СЕРІК ӘКІШЕВ, актер СЕРГЕЙ ПОГАСЯН болды.
Байқаудың қонағы – әнші ДИЛЬНАЗ АХМАДИЕВА
Қобыз-ҒАЗИЗА, әнші АЙҚЫН
ФИНАЛҒА ШЫҚҚАН АРУЛАР:
III Вице-ару – Әсем Мамаева (Өскемен)
II Вице-ару – Арна Әбдірахмани (Шымкент)
I Вице-ару – Мария Горбулько (Астана)
ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2011 жеңімпазы Талдықорған аруы АЙНҰР ТӨЛЕУОВА . Айнұр ең жас жеңімпаз атанды, Финал кезінде ол небәрі 16 жаста болды.