Қазақстан Аруы 2012

Қазақстан Аруы 2012

«Қазақстан аруы 2012» байқауының жеңімпазы әрі тәжінің иесі Шымкенттің тумасы ЖАЗИРА НҰРЫМБЕТОВА атанды

Қазақстан аруы байқауы 8 желтоқсан күні Астана қаласында өтті

Қазақстанның 17 қаласынан келген 25 ару Қазақстан астанасында бас қосып, атақ пен тәж үшін сайысқа түсті. Байқау аясында арулар қаладағы «Бейбітшілік және келісім» сарайына.
Астана қаласының ең басты көрікті жері – «Бәйтерек» монументіне барды. Сондай-ақ спортқа араласып, «Астана» хоккей клубының жаттығуларына қатысты.

Финалға шыққан аруларға Монако ханзадасы 2 Альберттің жеке өзі тұсаукесерін жасаған “Монако ханшайымы Грейс Келли дәуірі” атты көрмені тамашалау бақыты бұйырды.

ҚАЗАҚСТАН АРУЫ байқауының дәстүрлері де шет қалмады, арулар «Ажар» орталығындағы балаларға арналған Қысқы мерекенің сәнін келтірді.

Салтанатты кештің жүргізушілері : тележүргізуші ДИНАРА СӘТЖАН және X-FACTOR жобасының жүргізушісі , шоумен , теле-радио жүргізушісі АРНҰР ЫСТЫБАЕВ және fashion – продюсер СӘКЕН ЖАҚСЫБАЕВ.

Ұлттық қазылар алқасының құрамына шебер скрипкашы , ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Бирмингем консерваториясының профессоры МАРАТ БИСЕНҒАЛИЕВ, Қазақстанның атақты фотографы ВЛАДИМИР БАБКИН қосылды.

Финалдың қонақтары әнші ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Скрипкашы ЖӘМИЛӘ СЕРКЕБАЕВА, әнші – ӘЛИ ОҚАПОВ, Қазақстандағы X Factor жобасының жеңімпазы Дария Ғабдулл, Z тобы,

«Қазақстан аруы 2012» байқауының жеңімпазы әрі тәжінің иесі Шымкенттің тумасы ЖАЗИРА НҰРЫМБЕТОВА атанды.

Финалдың тікелей көрсетілімі ЕУРАЗИЯ БІРІНШІ АРНАСЫ телеарнасынан берілді. ЖАЗИРА НҰРЫМБЕТОВА Алматыдағы жыл сайынғы ВЕНА КЕШІН ашты.

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ