Қазақстан Аруы 2013

Қазақстан Аруы 2013

Финалға Қазақстанның барлық қаласынан 25 ару қатысты. Алматы аруы 24 жасар Айдай Исаева жеңімпаз атанды

Финалға Қазақстанның барлық қаласынан 25 ару қатысты. Алматы аруы 24 жасар Айдай Исаева жеңімпаз атанды.
Байқаудың басты мақсаттарының бірі – қазақ тілінің, ұлттық кәсіптердің, мәдени мұраның, ұлттық киімдердің, дәстүрлі тағамдардың этникалық негіздерін сақтау және насихаттау.
ҚАЗАҚСТАН АРУЫ – дәстүрлер мұрасының сұлулығы!

Байқаудың басты мақсаттарының бірі – қазақ тілінің , ұлттық кәсіптердің, мәдени мұраның, ұлттық киімдердің , дәстүрлі тағамдардың этникалық негіздерін сақтау және насихаттау . Қазіргі қазақ қыздарының рухани ажарын көрсету , жастарды сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу, ұлттық рух пен мәдени мұраны сақтау.

2013 жылы Байқау Алғашқы этно – жобаны іске қосты: Дәстүрлі түрде қатысушылар өз еркілерімен Елші болды, «ҚР Тұңғыш Президенті күнінде» Алматы қаласындағы No2 перзентханаға барды. Осы бір айтулы күні туылған балаларға сыйлық табыстап, құттықтады!

«Қылқан жапырақты ағаштарды сақтау» науқанына қолдау көрсету мақсатында, қатысушылар Тұңғыш Президент саябағында Тянь-Шань шыршасын отырғызды.

«Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада 2017 ойындарына арналады!». 2017 жылы қысқы Универсиада ойындарын Алматы қаласында өткізу – әлемге Қазақстан Республикасының сұлулығы мен ықтимал әлеуетін көрсету үшін берілген керемет мүмкіндік.

«Қазақстан Аруы » байқауының басты мақсаттарының бірі – салауатты өмір салтын, спортты насихаттау , қолдау болып табылады , ал « Қазақстан Аруы 2013 » жеңімпазы « Алматыда өтетін Универсиада 2017 ойындарының Әлемдік елшісі» болады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СҰҢҚАР ШАҢҒЫ ТРАМПЛИНДЕРІ КЕШЕНІ – бірегей инженерлік спорттық құрылыс Еліміздің көрікті қыздары Алматы қаласының Журналистер құрамасымен шағын футболдан достық матч өткізді.

5 желтоқсан күні Республика Сарайында ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2013 ұлттық байқауының финалы өтті. Салтанатты кештің жүргізушілері МАҚПАЛ ИСАБЕКОВА мен « Универсиада Алматы – 2017» дирекциясының жетекшісі ИЛЬЯ УРАЗАКОВ болды

Көрермендер залындағы жүргізушілер – тележүргізуші , НТК телеарнасының беткеұстары, АЛМАТЫ АРУЫ 2010 – САЛТАНАТ БЕКЖІГІТОВА және актер, блогер ӘНУАР НҮРПЕЙІСОВКөрермендер залындағы жүргізушілер – тележүргізуші , НТК телеарнасының беткеұстары , АЛМАТЫ АРУЫ 2010- САЛТАНАТ БЕКЖІГІТОВА және актер, блогер ӘНУАР НҮРПЕЙІСОВ

Ұлттық Қазылар алқасының құрамында дизайнер ҚҰРАЛАЙ НҰРҚАДІЛОВА, Актер НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВ Актриса ҚАРЛЫҒАШ МҰХАМЕДЖАНОВА Байқаудың қонағы- ЛУИНА

Финалға Қазақстанның барлық қаласынан 25 ару қатысты.

ФИНАЛҒА ШЫҚҚАН АРУЛАР:
IV вице-ару- ӘЛЕМ МАҚАНБЕКОВА (Семей)
III-вице-ару-ДИАНА КЕҢЕСОВА (Қараганды)
II вице-ару – ВЕРА ДУШИНА (Алматы)
I вице-ару – ЛАУРА ШАМГУНОВА (Көкшетау)

Алматы аруы 24 жасар Айдай Исаева жеңімпаз атанды. Бойжеткен Қазақ ұлттық медицина университетінде оқыған . Қазақстанның сұлу ханшайымы тәжіне ие болмай тұрғанда, Айдай сұлулық байқауына 8 рет қатысқан екен . Айдай Исаева «Дүниежүзі Аруы» байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетті . Байқауға қатысқаннан кейін тұрмысқа шығып , жарық дүниеге ұл әкелді. Сұлулық ханшайымы жарымен бірге «Aidai & Maksat Foundation» қайырымдылық қорын құрды.

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ