Қазақстан Аруы 2014

Қазақстан Аруы 2014

2014 жыл ҚАЗАҚСТАН АРУЛАРЫ үшін жаңаша жыл болды, алғаш рет байқау ережесі өзгерді!
Он жеті жыл бойы еліміздің лайықты аруларын тек қазылар алқасы таңдап келді. Енді жеңімпаздың тағдыры халықтың қолында

2014 жыл ҚАЗАҚСТАН АРУЛАРЫ үшін жаңаша жыл болды, алғаш рет байқау ережесі өзгерді!
Он жеті жыл бойы еліміздің лайықты аруларын тек қазылар алқасы таңдап келді. Енді жеңімпаздың тағдыры халықтың қолында.

Байқаудың Қазылар алқасы халықтың ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2014 титулына дауыс берген ең үздік үш аруын таңдайды . 2014 жылы 28 қарашада Алматы қаласында Байқау Финалы өтті және де біз тікелей эфирде онлайн және SMS дауыс беру желілерін аштық! Шешуші сөз халықтың еншісінде! Жеңімпазды Тәж және кемел келешекке жолдама күтеді . Бұл жылы қазақстандықтар ҚАЗАҚСТАН АРУЫ ұлттық байқауының жаңа ережесін бағалай алады!

Жаңа форматтағы Байқауға арналған Баспасөз конференциясы.АЙДАЙ ИСАЕВА

Әрбір секундтары санаулы қыздар финалға 20 күн қалғанда Алматыда жиналды. Танымал фотограф Данил Олейникпен ресми түрде фотосессия өткізді , ұлттық көйлектерімен ТД-түсірілім жүргізді. Байқау Күнделігінің жүргізушісі актер, танымал блогер ӘНУАР НҮРПЕЙІСОВ болды.

Бұл күндері арулар трамплиндер кешеніне барып, Тұран Университетінде футбол ойнады.

«Дельфин» фитнес -клубына барды. әрі қарай дайындықтар басталды, Кеш жүргізушілері әнші МЕРУЕРТ және актер, тележүргізуші МҰРАТ МҰТЫРҒАНОВ болды

Көрермендер залындағы жүргізушілер fashion-продюсер СӘКЕН ЖАҚСЫБАЕВ және Байқаудың қазылар алқасы, әнші ЛУИНА

Қазақстан халқының сүйікті ұлы , Олимпиада чемпионы , ауыр атлетші ИЛЬЯ ИЛЬИН,Қазақстан Аруы 2011 – ВИКТОРИЯ МАМЫНБАЕВА, Жыл сайынғы Қайырымдылық Вена кешінің негізін қалаушы – МАРАТ ОМАРОВ , АЛМАТЫ АРУЫ 2010 , тележүргізуші , НТК телеарнасының «беткеұстары » – САЛТАНАТ БЕКЖІГІТОВА

Байқаудың қонақтары No1 байкер , Достық Орденінің Кавалері , Қазақстан География қоғамының президенті – ДМИТРИЙ ПЕРТУХИН,DJ OSPANOV,ЖӘМИЛӘ СЕРКЕБАЕВА

Байқаудың финалына шыққан арулар:
РЕГИНА ВАНДЫШЕВА (Алматы)
ӘМИНА ҚОЖАНОВА (Павлодар)
АЙДАНА ҚҰЛШЫМАНОВА (Астана)

Финалда интернет және смс дауыс берудің көмегімен халық таңдауы анықталды – Қазақстан Аруы 2014 атағы Алматы аруы 22 жасар Регина Вандышеваға бұйырды.

Бойжеткен қазылар алқасы мен көрермендерді өзінің нәзік сұлулығымен , тәрбиелілігімен , ақкөңілділігімен , ақылымен және баурағыштығымен жаулап алды . Сондай-ақ Регина Қазақстанның жеңіл атлетика жүлдегері болып табылады

«Қазақстан Аруы – 2014 » Регина Вандышева демеушілерден алған жүлделерімен ғана шектелмеді, сондай-ақ ол 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды . Жеңімпаз ақшасының бәрін аяулы анасына берді . « Әлем Аруы 2015» байқауында Регина алғашқы 20 арулардың қатарына кіріп, әлемдік аренада Қазақстанның намысын сәтті қорғап келді.

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ