Қазақстан Аруы 2015
Қазақстан Аруы 2015
2015 жылы ҚАЗАҚСТАН АРУЫ байқауы «Сұлулық пен мейірімділіктің үйлесімі» атты ұранмен жыл сайынғы қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды біріктіруге бел буды.
2015 жылы ҚАЗАҚСТАН АРУЫ байқауы «Сұлулық пен мейірімділіктің үйлесімі» атты ұранмен жыл сайынғы қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды біріктіруге бел буды.
Астанадағы керемет архитектуралық ғимараттары өзінің көз тартар сұлулығымен және көлемімен қатысушыларды таңғалдырды. Міндетті түрде баратын жерлер тізімінде – БӘЙТЕРЕК, «АСТАНА ОПЕРА», НҰРЖОЛ алаңы, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ МҰРАЖАЙЫ және Жаңа Мұз алаңы болды.
Алғашқы екі аптада байқауға қатысушылар ерікті елшілер болды, Астанадағы бірнеше әлеуметтік шараларға қатысып, балалар үйіне және қарттар үйіне барып қайтты.
25 қарашада қатысушылар әлеуметтік шара шеңберінде «Қан орталығына» барды. Республикалық қан орталығының донарлық кадрды жабдықтау бөлімінің меңгерушісі Светлана Скорикова орталыққа күнде қан қажет екенін атап өтті, «Қыздар осында келіп, қан тапсырып, басқаларға үлгі бола білді деген ойдамын» деді ол.
Келесі күні ҚАЗАҚСТАН АРУЫ байқауына қатысушылар «SOS Kinderdorf Астана Балалар ауылына» барып, алғыс білдіру күніне орай жасалған «Ризашылық күні» мерекелік іс-шарасына қатысты. Еліміздің ең сұлу қыздары SOS Астана Балалар ауылына үлкен торт, шарлар және ойыншықтар апарып берді, балаларға естен кетпес мереке сыйлады.
Сонымен қатар , қыздар « Замандас » аула клубына барып, клуб балалары үшін дефиледен шеберлік сабақтарын жүргізді, жағдайы төмен және көп балалы отбасының балаларымен бірге өз қолдарымен бұйымдар жасады.
Қыздар нағыз мерекені « Қарттар мен мүгедектерге арналған медәлеуметтік мекеме » ММ өткізді. Қатысушылар ардагерлер мен қарттардан , сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткізілген байқаудың жеңімпазы, «Астана Аруы – 2015» титулының иесі Сауле Айдархановадан да бата алды.
Сонымен қатар қарт адамдар қатысушылармен өзара әңгіме-дүкен құрып, өткен өмірлерін айтып берді. Ал , 25 қараша күні олар « АСТАНА » және «БЕНФИК» клубтары арасындағы тарихи футбол матчында негізгі жанкүйерлер болды.
Астана ойыншыларымен баскетбол ойнады . Айта кетерлік бір жайт , арулар арасында волейбол, баскетбол, конькимен жүгіру және ат спорттарының кандидат шеберлері бар екен.
Сонымен қатар, бірінші күндері голливудттық бренд SHERRI HILL ұсынған салтанатты көйлектерімен және қазақстандық бренд ВRОSН ұсынған әшекейлерімен ресми түрде фотосессия өткізді. Бұл жылы суретке түсіру қызметін танымал фотограф ВЛАДИМИР БАБКИН атқарды.
10 желтоқсан күні Бейбітшілік және Келісім Сарайында ҚАЗАҚСТАН АРУЫ байқауының финалы НТК ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді. Ұлттық байқаудың финалын ағайынды ЖҮГІНІСОВТЕР «Астана» әнімен ашты.
Салтанатты кештің жүргізушілері тележүргізуші ДИНАРА СӘTЖАН, актер, модель, тележүргізуші ТӘУЕКЕЛ МҮСІЛІМ
Тележүргізуші МАЙЯ ВЕРОНСКАЯ және fashion-продюсер СӘКЕН ЖАҚСЫБАЕВ Қатысушылардың I LOVE ASTANA таныстырылымы, идея авторы актер, режиссер МАКС АКБАРОВ Байқаудың қазылар алқасының төрағасы – ҚР әртісі, Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры АЙМАН МҰСАХОДЖАЕВА
Қазылар алқасының құрамында ӘСЕЛ САҒАТОВА болды ,Шоу қонақтары – «Астана Опера» театрының солисті СҮНДЕТ БАЙҒОЖИН,Халықаралық байқаулардың лауреаты «RIN`GO» тобы
Сонымен қатар, «Славян базары 2015» байқауының жеңімпазы ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ өзінің өнерімен кештің сәнін келтірді, «Новая волна 2015» байқауының лауреаты әнші ӘДЕМІ Байқаудың Ұлттық финалына сатылған билеттерден түскен қаражат АРУЖАН САИННЫҢ “Милосердие” ерікті қоғамына жіберілді.
Қазылар алқасы 30 қатысушының ішінен ең әдемі әрі дарынды үздік 5 қызды таңдады.
Финалға шыққан арулар:
• КӘМИЛӘ ТЕМІРОВА (Астана)
• РЕНАТА НҰРҒАЗИНА (Қарағанды)
• ВЕРОНИКА ЗАЛАТА (Орал)
• АЙДАНА ҚАНАЙБАЕВА (Талдықорган)
• ӘЛИЯ МЕРГЕНБАЕВА (Ақтау)
Әрі қарай тікелей эфирде халықтық дауыс беру басталды. Нәтижесін хабарлау үшін сахнаға велоспортшы, олимпиада чемпионы АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ шықты.
Жеңіс Ақтау аруы 17 жасар Әлия Мергембаеваға бұйырды. Әлия 1312 онлайн және смс дауыс жинады және «Қазақстан Аруы 2015» атағын, ӘЛЕМ АРУЫ 2016 байқауында еліміздің намысын қорғау құқығына ие болды. Сонымен қатар, жеңімпаз 5 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі дайындаған дәстүрлі қазақ этно-жасауын алды.