Қазақстан Аруы 2016
Қазақстан Аруы 2016
1997 жылы негізі қаланған жыл сайын өткізілетін ҚАЗАҚСТАН АРУЫ ұлттық байқауына 20 жыл толды!
1997 жылы негізі қаланған жыл сайын өткізілетін ҚАЗАҚСТАН АРУЫ ұлттық байқауына 20 жыл толды! Мерейтойлық байқау 24 қараша күні ҚР Президентінің ОКҚ брифингінде басталды
Ұлттық байқау өзінің 20 жылдық мерейтойына презентациялық күнтізбе дайындады, еліміздегі ең беделді «Қазақстан Аруы»
Ұлттық байқау өзінің 20 жылдық мерейтойына презентациялық күнтізбе дайындады, еліміздегі ең беделді « Қазақстан Аруы » байқауы басталған кезден бастап ең табысты , танымал әрі әлеуметтік тұрғыдан белсенді қатысушылар осы күнтізбенің көркі болды. Түсірілім «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінде этно-кеңістікте өтті, айналасында бірегей ұлттық қолөнер, мәдени мұра заттары, ұлттық киімдер, ұлттық тұрмыстық заттар болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Ұлттық байқаудың ұйымдастырушылары мәңгілік құндылықтар тақырыбы туралы арнайы жоба, яғни Ұлы даланың аттары аңызға айналған әйелдері жайлы әңгімелер циклін дайындады. Бірегей жобаның мақсаты – тарихта өшпес орын алған және халықтың жүрегінде мәңгі қалған ұлы әйелдердің ерлігі мен батырлығын еске алу болып табылады.
« Ұлы дала әйелдері » циклінен – ТОМИРИС , « Ұлы дала әйелдері » циклінен – КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА « Сұлулық қайрымдылықтан басталады ! » атты ұлттық науқан аясында, қатысушылар қаланың әлеуметтік, қайырымдылық, спорттық іс-шараларына қатысты.
Астана қаласындағы арнаулы түзету мектеп-интернатына барды.
Спорттық іс-шаралар шеңберінде Байқаудың финалына шыққан арулар «Барыс» пен «Адмиралдың» тұрақты КХЛ чемпионатындағы ойынына қатысты.
Ұлттық Қазылар алқасының төрағасы 5 – ші шақырылған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты , Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілетті тұлға ЗАҒИПА БАЛИЕВА Қазылар алқасының құрамында Қазақстан халқының сүйіктісі , боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері , Азия чемпионы , екінші дәрежелі Барыс орденінің иегері – ВАСИЛИЙ ЛЕВИТ Финалдың құрметті қонақтары :
Қазақстан аруы 2006 – ГАУХАР РАХМЕТАЛИЕВА,
Астана аруы 2013 – ӘСИЯ ӘБІСОВА ,
Қазақстанның 1-Вице Аруы 1998 – ИРИНА АШИРБЕКОВА,
Қазақстан аруы 2010, ӘЛЕМ АРУЫ 2011 байқауының Гранд – Финалы – ЖАННА ЖҰМАЛИЕВА ,
Финалдың қонағы – МАҚПАЛ ИСАБЕКОВА,
Салтанатты мерейтойдың жүргізушісі- ДИНАРА СӘТЖАН
Жобада алғаш рет – Байқауға қатысушылардың ДАРЫНДЫЛАР ДУМАНЫ ұсынылды , Қобыз – ЖАНЗИРА КӘРІБАЕВА (Ақтөбе), Вокал ДАЛИДА НӘУКЕНОВА (Алматы)
Мерейтойлы ҚАЗАҚСТАН АРУЫ байқауындағы тосын жағдайлардың бірі Байқаудың жүргізушісі, ASTANAOPERA солисті, СҮНДЕТ БАЙҒОЖИН Қостанай қаласының аруы АЙТГҮЛ НҰРМАНОВАҒА сезімін білдірді. Тіпті, Байқауды ұйымдастырушылар күтпеген жерден сахнаға жас жігіт шығып, тікелей арнада Павлодар аруы АЙЗАТ ҚОЗАБАЕВАҒА өз жүрегін ұсынды. Мерейтойлы «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2016» ұлттық байқауы финалынан түскен қаражаттың бәрі Астана қаласындағы жағдайы төмен отбасыларына берілді, олар: Ідірісовтар, Долгихтар, Виноградовтар, Құлшұмбаевтар, Серікбаевтар.
Халықтық онлайн, смс дауыс беру арқылы өткізілген мерейтойлы ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2016 байқауының жеңімпазы Қызылорда аруы ГҮЛБАНУ ӘЗІМХАНОВА атанды . Ол 5 000 000 теңге көлемінде сыйлық алып , Қазақстан Республикасы атынан ӘЛЕМ АРУЫ байқауына қатысу құқығына ие болды Ұлттық КТК телеарнасы Еуразия континентінің қақ ортасында орналасқан Астанадан тікелей көрсетілім жүргізіп, арнаның орташа рейтингін 47 %-ға көтерді (TNS мәліметтері)