Қазақстан Аруы 2019
Қазақстан Аруы 2019
«Қазақстан аруы-2019» ұлттық байқауы жеңімпазының есімі 2 мамыр күні Нұр-Сұлтандағы «Nomad City Hall»-дан берілген тікелей трансляция арқылы белгілі болды, бұл айтулы кешті көрермендер мен республикалық НТК телеарнасының телекөрермендері тамашалады.
Мисс Туризм Балжанат Анас
Мисс Алматы Камила Кожаханова
Атақты композитор, мультиинструменталист Еділ Құсайынов, тамақпен ән салудың сирек жанрымен шырқады
«Ақтөбе аруы» Эльмира Қалбай домбырамен күй шертті
Дарындылар думанының жеңімпазы астаналық Сәния Мерғалиева Мәншүк Мәметова монологын орындады
«Өскемен аруы» Тахмина Увазырова ым-ишара тілімен ән шырқады
«Астананың бірінші вице аруы» Александра Беглова қазақ биін биледі
«Петропавл аруы 2019» Анара Кәкімова гимнастикалық өнер көрсетті
«Ақтау аруы 2019» Динара Сарыева Селин Дионның «Титаник» кинофильміндегі әнін орындады
Шоу қонағы – The Kitchen Song тобының жас орындаушысы
«Қазақстан аруы 2006» Гаухар Сығай (Рахметалиева)
«Жас қанаттар» Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Зарина Ақшолақова
Қазылар алқасының мүшесі, атақты шоумен Тұрсынбек Қабатов
Шоу жүргізушісі Арнұр Ыстыбаев және әнші Мадина Сәдуақасова
Дәстүр бойынша байқау қатысушылардың сәлемдесулері мен таныстыруларынан басталды
Қазылар алқасының төрайымы, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада
«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2019» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ.
«Қазақстан аруы-2019» ұлттық байқауы жеңімпазының есімі 2 мамыр күні Нұр-Сұлтандағы «Nomad City Hall»-дан берілген тікелей трансляция арқылы белгілі болды, бұл айтулы кешті көрермендер мен республикалық НТК телеарнасының телекөрермендері тамашалады.
Отанымыздың жүрегі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан аруы 2019» ұлттық байқауы финалының салтанатты рәсімінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген Титулы бар әрі бағы жанған арулар бас қосты. Биылғы әсерлі әрі көптен күткен сұлулық байқауы Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналды.
IMATUM PRODUCTION режиссерлік жобасы – ШЫҢҒЫС ИМАНБЕКОВ пен ІЛИЯС ТҰМАРБАЕВ. Барлық дефиле қойылымымен , сондай-ақ салтанатты тәж кигізу рәсімімен Байқаудың ресми хореографы – АЛЕКС ГРЭЙ айналысты . Қатысушылар «ҚАЗАҚСТАН көркі» деген топтаманы, сондай-ақ Голливудтық бренд SHERRI HILL ұсынған 2019 жылдың көктемгі/жаздық көйлектерінің дәстүрлі көрсетілімін ұсынды. Екі сағатқа созылған думан жиналған жұртшылықты ауқымдылығымен, қызу сайысымен, мерекелік көңіл-күйімен, әдеттегідей, кәсібилігімен таңғалдырды. Салтанатты кештің жүргізушілері: радио/тележүргізуші – АРНҰР ЫСТЫБАЕВ , әнші Мәдина СӘДУАҚАСОВА , ал көрермендер залындағы жүргізуші – ОРЫStar Show жобасының қатысушысы – СЕМЕН МАХОВ болды . Салтанатты кештің қонақтары Қазақстанның озық этно-музыканты ЕДІЛ ҚҰСАЙЫНОВ, THE KITCHEN SOUGS қазақстандық жобасы, IL CANTO опера квартеті.
Ұлттық қазылар алқасына «Алтын сапа» Президент сыйлығының лауреаты, «Алтын Орда» үйінің негізін қалаушы Ырза ТҰРСЫНЗАДА жетекшілік етті , қазылар алқасының құрамы : ҚР Ұлттық мұражай директорының кеңесшісі , тележүргізуші Зейін ӘЛІПБЕКОВ , стилист , баспагер , « Жас Қанаттар» Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы Төрағасының орынбасары Зарина АҚШОЛАҚОВА, « Қазақстан аруы » байқауының « Сұлулық пен мейірімділік » атты әлеуметтік бағдарламаларының директоры Совет СЕЙІТОВ , актер , тележүргізуші , « Әзіл әлемі » театрының жүргізушісі Тұрсынбек ҚАБАТОВ , этно-музыкант , ҚР Композиторлар одағының мүшесі , « Құрмет » орденінің кавалері Еділ ҚҰСАЙЫНОВ , « Қазақстан аруы » ұлттық байқауының директоры Алена РИВЛИНА – ҚЫРБАСОВА , Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Майнюра МҰРЗАМАДИНОВА.

Биыл « Қазақстан аруы » ҰСБ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарнама-танымдық роликтер топтамасын түсіру көзделген арнайы жобаны ойдағыдай іске асырды. Өз өңірін өзгелерден гөрі қызықты әрі өте жақсы таныстырған қатысушы « Туризм аруы – 2019 » деген титулмен марапатталды, бұл марапат Шымкент аруы Балжанат АНАСҚА бұйырды.
Байқаудың мәрелік кезеңінде дәстүрге айналған « Дарындылар думаны » өткізілді , оны жеңген қатысушы финалға шыққан арулардың алғашқы 15-тігіне автоматты түрде қосылады. Бұл аталым – қатысушылардың болашақ өміріндегі маңызды кезең, нағыз жұлдыз атануға берілген мүмкіндік. Биыл әртүрлі бағытта алты қойылым көрсетілді, қойылымның қай-қайсысы болсын көрермендерді бей-жай қалдырмады : Динара САРЫЕВА / Ақтау ( вокал ) , Эльмира ҚАЛБАЙ / Ақтөбе ( домбыра), Александра БЕГЛОВА/Нұр-Сұлтан (би) , Сәния МЕРҒАЛИЕВА/Нұр-Сұлтан (монолог) , Тахмина УВАЗЫРОВА/Өскемен (ым-ишара тілінде орындалған ән), Анара КӘКІМОВА/Петропавл (гимнастика этюді).
ТОП-15 төмендегідей жасақталды : 1 финалға шыққан ару – Финалдан 10 күн бұрын missqazaqstan.kz сайтында өткізілген Халықтық интернет-дауыс берудің жеңімпазы – Екатерина ЕФИМЕНКО/Көкшетау, 1 қатысушы – Дарындылар думаны байқауының жеңімпазы – Мәншүк Мәметованың монологын оқыған Сәния МЕРҒАЛИЕВА/Нұр-Сұлтан. Байқаудың Ұлттық қазылар алқасы іріктеген 13 ару.
Қазылықтың әділдігін және байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қазылар алқасы финалға шыққан арулардың бестігін іріктеді, ал Гранд-финалға шыққан аруларды және еліміздің ең сұлу аруын қазақстандықтар онлайн-дауыс беру арқылы таңдады:
«Қазақстанның 1 вице аруы» титулы Диана ӘБІШЕВАҒА бұйырды/ Алматы (9871 дауыс), «Қазақстанның 2 вице аруы» атағын Надежда НЕДОСЕКОВА иеленді/Семей (9 861 дауыс), «Қазақстанның 1 вице аруы» атағын Сәния МЕРҒАЛИЕВА еншіледі/Нұр-Сұлтан (8 692 дауыс).
«Қазақстан аруы-2019» титулын 19 жастағы павлодарлық Мадина БАТЫҚ жеңіп алды. Тікелей эфирде Мадинаға 10 012 адам дауыс берген. Мадина БАТЫҚ Торайғыров атындағы ПМУ оқиды, мамандығы – ” туризм ” . Жеңіл атлетика , теннис және фитнеспен шұғылданады . Арудың бойы 178 сантиметр. Параметрлері – 84-64-92.
«Қазақстан аруы » жеңімпазы 3 000 000 теңге ақшалай жүлде алады , люкс брендтерімен көптеген жарнама келісімшарттарына қол қояды , сондай-ақ орасан зор « ӘЛЕМ АРУЫ 2019» байқауында республикамыздың намысын қорғайды.