«Қазақстан Аруы – 2002» конкурсында тәж Шымкенттік Ольга Сидоренкоға тиді. Ол еліміздің ең сұлуы атағын және елімізді «Әлем Аруы» конкурсында таныстыру құқын жеңіп алды. Ольга көптеген жарнамалық компаниялардың бетке ұстары болды, оны Еуропаның көптеген сән үйлері бірлесе жұмыс істеуге шақырды, бірақ ол бас тартты. Ол тұрмысқа шықты, балаларын тәрбиелеумен айналысады.