Айдай Исаева
Айдай Исаева 2013 жылы «Қазақстан Аруы» конкурсында жеңіске жетті. Бір жылдан кейін «Ғалам Аруы» конкурсында еліміздің мүддесін білдірді. Конкурстан кейін ол отбасын құрып тұңғышын туды. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі. Қазір Айдай отбасын,фотомодель және тележүргізуші мансабын, сондай-ақ қоғамдық қызметті жемісті үйлестіріп жүр.