Регина Вандышева

Регина Алматыда өскен . №87 мектепті бітірген , ал сонымен қатар өнер мектебінің хореография бөлімінде оқыды. Мектептің спорт өміріне бірнеше рет қатысқан , қалалық жарыстарда өз білім мекемесінің мүддесін қорғаған . Бұдан басқа , Регина Вандышева бала кезінен бастап халық билерімен айналысқан. Лондонда « Ерке ! Ұжымының құрамында өнер көрсеткен . Сонымен қатар жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысқан, Қазақстан чемпионатының жүлдегері болды . Қазіргі кезде Санкт – Петербург университетінің студенті , мамандығы – « Экономист – менеджер » . Келесі жылы дипломын қорғауға Санкт-Петербургке барады . 2014 жылы «Алматы Аруы» сұлулық конкурсына қатысқан , ол жерде жеңімпаз болды , ал сол жылдың желтоқсан айында бүкіл республикадан келген 35 қыздан озып шығып «Қазақстан Аруы» лауазымын ұтып алды. Регина Валдышева 2015 жылы « Әлем Аруы » конкурсына Қазақстанның атынан барып ТОП – 13 кірді , сондай ақ спорт кезеңінде жүлделі орынға ие болды.

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ