«Қазақстан аруы 1998» Дана Төлеш қыздарымен, инсталляцияда қазақтың ағаш ыдысы – астау ұсынылған.
Астау – қазақтардың байырғы заманнан бері қолданып келе жатқан ағаш ыдысы. Қазіргі уақытта астау күнделікті тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданылып келеді, дастарқанға ет, қуырдақ, палау және басқа да тағамдарды астауға салып қояды. Еттен кейін ағаш кеселерге қымыз немесе шұбат құйып береді.