12 тамызда дүниеге қыз бала келді.
Тележүргізуші, модель әрі «Қазақстан аруы 2013» титулының иегері Айдай Исаеваның отбасында жақсы жаңалық бар. Ару үшінші рет ана атанды.
Айдай мен оның жұбайы Мақсат 5 жасар Әл-Фарабиді, 2 жасар Алсу есімді қызды тәрбиелеп отыр.
Айдай өзін жақсы сезінетінін атап өтті, барлығына ана атану бақытын тіледі.
Айдай Исаева 2013 жылы «Қазақстан аруы» байқауында жеңіске жетіп, Майамиде өткен «Әлем аруы» халықаралық байқауында республиканың намысын қорғады.
Сондай-ақ ару Қазақстандағы танымал «Қалаулым сен» шоуының жүргізушісі ретінде белгілі.