Алғашқы күндері дәстүр бойынша қатысушылардың..

«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2019» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕСМИ ФОТОССЕСИЯСЫ.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең сұлу және титулы бар қыздар астанада бас қосып, 2 мамыр күні Nomad City Hall-да өтетін «Қазақстан аруы 2019» ұлттық байқауының орасан зор финалына дайындықты бастады.

Алғашқы күндері дәстүр бойынша қатысушылардың ресми фотосессиясы өткізілді. Фотосуретке түсіруші – fashion-саласындағы аса қажет мамандардың бірі, жұмыстары әлемге танымал, алдыңғы қатарлы жылтыр журналдардың мұқабасын безендіретін Марета Келигова. “Біз жыл сайын қыздардың бейнелерін өзгертіп отырамыз. Биыл олардың жас екендігін негізге алдық, көктемге тән сұлулық бердік, олардың бейнелерін гүлмен, жарқын әрі керемет бижутериямен әсемдей түстік. Түсірілімдер көктемнің сұлулығына, жастық шақ пен нәзіктікке толы. Жұмыс нәтижесі сіздерге барынша әсер етеді деген үміттеміз”, – деп бөлісті Марета Келигова.

Финалға шыққан арулардың бейнесін GAZIZA сұлулық студиясының командасы және негізгі имидж-мейкер әрі жоба стилисті Айнұр Рыспекова жасады. Шеберлер үш күнге жуық тынбай тер төкті, керемет бейнелер жасап, қыздардың табиғат берген сұлулығын дөп басып көрсетті.

Жолға қойылған команданың жұмыс нәтижесін дауыс беру басталғаннан кейін www.missqazaqstan.kz ресми сайтынан тамашалай аласыздар , сондай-ақ « сахна сыртынан тыс » көріністерді https://youtu.be/F7TZFYJE7-w сілтемесі арқылы көруге болады.

Таяу күндері « Қазақстан аруы » байқауының аясында қайырымдылық және әлеуметтік науқандар басталады. Олар жайында келесі релиздерде жазатын боламыз.

Еліміздегі ең негізгі байқау болып табылатын “Қазақстан аруы – 2019” байқауының финалы 2 мамыр күні астанадағы Nomad City Hall-да ( бұрынғы Энергия Холл ) өтеді . Тікелей эфир НТК телеарнасы арқылы көрсетіледі . Биыл «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының арнайы жобасы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарнама-танымдық роликтер топтамасын түсіру болды. Бұл әсерлі шағын фильмдерде өңірлік байқау жеңімпаздары өз өңірлерінің туристік мүмкіндіктерін паш етті . Мысалы , «Өскемен аруы» бірегей Рахман қайнар бұлағы туралы , “Ақтөбе аруы” “Үйтас” табиғи ескерткіші туралы, “Шымкент аруы” «Ақ мешіт» үңгірі – Бәйдібек ойпаты туралы айтып берді.

«Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы ақшалай жүлде алады, озық стилист Алексей Чженмен бірге Парижге шопингке барады, көптеген жарнама келісімшарттарына қол қояды және беделді «Әлем аруы – 2019» байқауында республикамыздың намысын қорғайды.

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ