16 қарашада Алматыда «Қазақстан Аруы 2021» Ұлттық байқауының 25-ші мерейтойлы финалы өтеді. Биыл «Қазақстан Аруы» тәжіне 28 қатысушы таласады. Оның ішінде: өңірлердің титулды жеңімпаздары, сондай-ақ төрт титул иесі бар: «Талант Аруы», «Спорт Аруы», «Қайырымдылық Аруы» және «Fashion Аруы» бар. Қатысушылар қарашаның басында оңтүстік астанаға финалға дайындыққа келді. Осы уақытқа дейін қатысушылар ТМД жұлдыздарымен жұмыс істейтін […]

16 қарашада Алматыда «Қазақстан Аруы 2021» Ұлттық байқауының 25-ші мерейтойлы финалы өтеді. Биыл «Қазақстан Аруы» тәжіне 28 қатысушы таласады. Оның ішінде: өңірлердің титулды жеңімпаздары, сондай-ақ төрт титул иесі бар: «Талант Аруы», «Спорт Аруы», «Қайырымдылық Аруы» және «Fashion Аруы» бар.

Қатысушылар қарашаның басында оңтүстік астанаға финалға дайындыққа келді. Осы уақытқа дейін қатысушылар ТМД жұлдыздарымен жұмыс істейтін танымал фотограф Марета Келиговамен ресми фотосессия жасады. Сонымен қатар, қыздар Vesti.kz спорттық басылымының күнтізбесі үшін футболшылар, боксшылар, шаңғышылар, сноубордшылар, каратэшілер және басқа да спорт түрлерінің формаларын киді. Дайындық кезінде қатысушыларға Алматы бойынша экскурсия жасалып, қаланың басты көрнекі жерлері таныстырылды.

Финалдық шоу кезінде Қазақстанның ең сұлу қыздары ARUNAZ отандық сән үйінің киімдері мен Sherri Hill Голливуд брендінің көйлектерін киіп шығады. Ұлттық, кешкі көйлектерден бөлек, көрермендерге таланттар шоуы ұсынылады. Бұл номинация – талантты қатысушылар мен болашақ жұлдыздардың өміріндегі маңызды кезең.

Биыл төрт түрлі номер көрсетіледі: «Алматы Аруы» Асият Исембаева, «Кербез» ұлттық биі, «Астана Аруы 2019» Айзада Хабиболаева, Прима-қобыз (Антонио Вивальди жыл мезгілдері «Шторм»), «Астана Аруы 2021» Айдана Ахантаева (пианино, Батырхан Шүкенов «Дождь») және «Талант Аруы» Полина Филимонова («Көзімнің қарасы» әні).

ТОП-15 мына шарт бойынша қалыптасады: 13 финалисті әділ қазылар таңдаса, 1 қатысушы missqazaqstan.kz сайтында интернет-дауыс беру арқылы таңдалады.

Байқау әділ өтуі үшін қазылар алқасы ГРАНД-ФИНАЛҒА өтіп, өздері жайлы таныстыратын ТОП-5 қызды таңдайды. Артынша тікелей эфир арқылы тағы бір дауыс беру жүреді. Бес ГРАНД-ФИНАЛИСТІҢ ішінен қазақстандықтар тікелей эфир кезінде жеңімпазды таңдайды.

Кеш қонақтары танымал әртістер, жоба серіктестері мен демеушілер. Одан бөлек, танымал «101» тобы, классикалық кроссовері бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы ұжым MEZZO, QANAY, DJ Puza және Mira De Leon өнер көрсетеді.

«Қазақстан Аруы» жеңімпазы ақшалай сыйлық, көптеген люкс брендпен жарнама келісімшартын алады. Одан бөлек, Гранд-финалистерге 25 жылдыққа орай ерекше сыйлықтар табысталады.

Айта кетейік, «Қазақстан Аруы» байқауының қоюшы режиссерлері Ілияс Тұмарбаев пен Шыңғыс Иманбеков бастаған IMATUM PRODUCTION компаниясы. Қоюшы хореограф – Алекс Грей. Тікелей эфир режиссерлері: Ляззат Бегали және Лев Мариупольский.

Ресми серіктестер: GAZIZA сұлулық салоны және Виктория Станевич студиясы, ресми стилист – Айнұр Рыспекова. Ресми фотограф – танымал маман Марета Келигова – көптеген танымал басылым фотографы.

«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2021

ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫЛАРЫ АЛҚАСЫ

 

  1. Қазылар алқасының төрағасы – виртуоз скрипкашы, дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Бирмингем консерваториясының профессоры МАРАТ БИСЕНҒАЛИЕВ

 

  1. Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері МАДИНА САДВАКАСОВА

 

  1. kz Vesti.kz Mаssaget.kz қазақстандық интернет порталдардың басшысы СҰҢҚАР ҚАРАБАЛИН

 

  1. Almaty fashion week негізін қалаушы АЛЕКСЕЙ ЧЖЕН

 

  1. «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2013», тележүргізуші АЙДАЙ ИСАЕВА

 

  1. Актер ТӘУЕКЕЛ МҮСІЛІМ

 

  1. Қоғам қайраткері, баспагер ВИКТОРИЯ МОМЫНБАЕВА
  2. “Қазақстан Аруы” байқауының әлеуметтік-қайырымдылық жобаларының директорыСОВЕТ СЕИТОВ

 

  1. “Қазақстан Аруы” ұлттық байқауының президенті АЛЕНА ҚЫРБАСОВА           

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ