Қазақстан аруы - 2021" байқауының тарихында алғаш рет үш жеңімпаз анықталды

“Қазақстан аруы” атағын бірден үш жеңімпаз иеленді. Олардың әрқайсысы Қазақстанды ірі халықаралық байқауларда таныстырады.

“Әлем аруы” байқауында Қазақстан атынан ақтөбелік 23 жастағы Назерке Карманова шығады. Ол Ақтөбедегі Қазақ-Орыс Халықаралық университетін бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. Қазір Алматыдағы банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істейді. Бойжеткен бос уақытында садақ атумен айналысады, видеоға, суретке түсіргенді ұнатады.

Байқаудың тағы бір жеңімпазы 21 жастағы Айдана Ахатаева болды. Ол – “Астана аруы – 2021” иегері. Айдана “Ғалам аруы” байқауында Қазақстан атынан шығады. 21 жастағы бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, қазір елордада музыкалық студиялардың бірінде фортепианодан сабақ береді. Бос уақытында классикалық музыка тыңдап, шет тілдерін үйренгенді ұнатады.

Үшінші жеңімпаз 20 жастағы қарағандылық Анна Глубоковская болды. Ол Қазақстанды “Жер аруы” байқауында таныстырады. Анна Алматыда дыбыс жабдығымен айналысатын компанияда жұмыс істейді. Музыкамен әуестенеді, шетел әдебиетін оқығанды ұнатады. Бала кезінен орыс тілінен олимпиадаларға қатысқан. Сонымен қатар, Анна болашақта бет әрлеуші мамандығын кәсіби түрде меңгеруді жоспарлайды.

Финалдағы шоу кезінде Қазақстанның ең әдемі қыздары ARUNAZ отандық сән үйінің ұлттық, сәнді киімдері мен Sherri Hill Голливуд брендінің көйлектерін киіп шықты.

Салтанатты рәсімнің жүргізушілері “Қазақстан аруы – 2013” Айдай Исаева мен танымал тележүргізуші Арнұр Ыстыбаев болды.

Өнер көрсеткен кеш қонақтарының арасында “101” тобы, MEZZO, QANAY, DJ Puza және Mira De Leon секілді танымал қазақстандық әртістер де болды.

Биыл қазылар алқасының құрамында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, “Қазақстан Аруы – 2013” иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen, “Қазақстан Аруы”, публицист Виктория Момынбаева, Еffective Media Liaison (Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz) ЖШС директоры Сұңқар Қарабалин, қоғам қайраткері Совет Сейітов, “Қазақстан Аруы” байқауының директоры Алена Қырбасовалар отырды, ал қазылар алқасының төрағасы танымал скрипкашы Марат Бисенғалиев болды.

Байқаудың 28 қатысушысының ішінен қазылар алқасы 15: 13 қызды таңдады, оның біреуі таланттар байқауының жеңімпазы, екіншісі missqazaqstan.kz сайтындағы дауыс беру бойынша жеңімпаз болды.

Байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қазылар алқасы үздік 15 қыздың арасынан гранд-финалға бес қызды таңдады. Гранд-финалдың 5 жеңімпазын қазақстандықтар тікелей эфир кезінде басталған сайттағы дауыс беру арқылы таңдады.

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ