«Қазақстан аруы – 2021» байқауының ұлттық өңірлік туры аяқталды, бірақ жеңіске деген екінші мүмкіндікберіліп отыр! Алғаш рет «Қазақстан аруы» ұлттық байқауы қатысушыларға жобаға қайта оралу мүмкіндігін берді! Алғашқы сәтсіздікке тап болған соң арманыңнан бас тарту, өзіңе деген сенімнен айырылу оңай. Бірақ қиындықтардан тек шыңдала түсетін адамдар да бар. Мінеки,  осындай жандар шыңдарды бағындырады! Егер әлем […]

«Қазақстан аруы – 2021» байқауының ұлттық өңірлік туры аяқталды, бірақ жеңіске деген екінші мүмкіндікберіліп отыр!

Алғаш рет «Қазақстан аруы» ұлттық байқауы қатысушыларға жобаға қайта оралу мүмкіндігін берді!

Алғашқы сәтсіздікке тап болған соң арманыңнан бас тарту, өзіңе деген сенімнен айырылу оңай. Бірақ қиындықтардан тек шыңдала түсетін адамдар да бар. Мінеки,  осындай жандар шыңдарды бағындырады! Егер әлем сені жұлдыз деп қабылдамаса,  бұл әлемнің мәселесі, ал сенің міндетің – күллі жұртқа мықты, батыл, үздік және беделге лайық екеніңді дәлелдеу.

Жоба тарихында алғаш рет Өңірлік турларда жеңіске жетпеген қатысушылар жобаға қайта оралып, «Қазақстан аруы 2021» байқауының ресми қатысушысы атана алады.

Қазақстанның озық порталдары мен басылымдары мына номинациялар бойынша «Жобаға орал!» жобасына қатысатын аруларды іріктейді

  1. : «Сұлулық және қайырымдылық». Сұлулық мейірімділіктен басталады, пандемияның алғашқы күндерінен бастап-ақ қыздар еріктілер қозғалысына қосылып, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Олар азық-түлік себеттерін жасап, дүкенге бара алмайтын мұқтаж қарттарға жеткізді. Олар медициналық маска тігіп, тәулік бойы жұмыс істеп, адамдардың өмірін арашалаған дәрігерлерге көмек көрсетті. Біз бұл қайырымдылық жұмысын еліміздің барша жастарына үлгі болуға тиіс орасан зор адамгершілік тәжірибесі ретінде бағалаймыз.
  2. «Спорт аруын» жетекші спорт сайты Vesti.kz таңдайды. Спорт – бұл аянбай еңбек ету және табандылық. Біз әлемдегі ең танымал спортшыларға қарап, «Бұған қалай қол жеткізді екен? Оның менен қай жері артық? Не болмаса, жай ғана жолы болған шығар» деп ойлаймыз. Ал оның құпиясы сәттілікте емес. Спорт – бұл тынбай еңбек ету, табандылық таныту және мақсатқа ұмтылу. Бұл жақсы денсаулық, соның нәтижесінде орын алатын сәттіліктің кепілі.
  3. «Дарындылар думаны» – Қазақстан аруы ұлттық байқауының дәстүрлі номинациясы. Бұл қатысушылар үшін (олардың 80%-ы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан) кәсіби сахнада өнер көрсетуге, үздік хореографтармен, режиссерлермен жұмыс істеуге, бүкіл елдің алдында тікелей телевизиялық трансляцияға шығуға берілген бірегей мүмкіндік. Бұл номинация – дарынды қатысушылардың, болашақ жұлдыздардың мансабындағы маңызды кезең.
  4. «Fashion аруы» – «Бірінші әсер қалдыру үшін екінші мүмкіндік берілмейді», «Сәнді қабылдау керек, әйтпесе ел-жұртқа күлкілі болып көрінесіз», «Аксессуарларды таңдағанда соңғы таққаныңызды алып тастаңыз». «Егер қандай да бір әйел сұлулығымен сізді қайран қалдырса, бірақ оның не кигенін есіңізге түсіре алмасаңыз, демек ол мінсіз киім киген». Коко Шанельдің Fashion ережелері

40 үміткердің ішінен тек төрт жеңімпаз «Қазақстан аруы 2021» байқауыныың ресми қатысушысы атанады және «Әлем аруы 2021» халықаралық байқауында еліміздің намысын қорғау үшін «Қазақстан аруы» атағын алу кезіндетең дәрежеде сайысқа түседі.  Ұлттық финал 16 қараша күні Алматыдағы Forum Almaty-да өтеді

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ