9 қарашада байқаудың бас серіктесі Sun Group Manana мейрамханаларының бірінде жарыстың алдағы финалына орайластырылған ресми баспасөз конференциясы өтті. Кездесу барысында байқау президенті Айдай Исаева, PR директоры Кәмшат Әкімқожа, “Miss Qazaqstan-2022” жобасының директоры Катрин Безверхова және Invictus академиясының негізін қалаушы Георгий Дубинин қатысқан Miss Qazaqstan-2022 байқауының ұйымдастыру комитеті ұлттық сұлулық байқауына байланысты жұртшылықты толғандырған барлық сұрақтарға жауап берді. 

Кәмшат Әкімқожа биылғы жылы кастингтерді қатаңдату себептерімен және 18 қарашада Алматы қаласының Республика сарайында өтетін “Miss Qazaqstan” ұлттық сұлулық байқауының финалына арналған шоуды өткізудің ауқымды жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ байқаудың PR-директоры биылғы жылы «Miss Qazaqstan» байқауының финалдық іс-шараны өткізу орнын ұсынған қалалық әкімдіктің көмегін қоспағанда, мемлекеттік қолдаусыз өтіп жатқанын айтты. 

Айдай Исаева “Miss Qazaqstan-2022” байқауы қандай идеологияны ұстанатынын және оның үздік дизайнерлердің әр қатысушыға жеке-жеке дайындаған киімдерінде де көрінетінін айтты. Олар ұлттық мәдениетке құрмет көрсететін этникалық мотивтерді де, «Reincarnation-New Era» байқауының жаңа форматын қамтитын және «Жаңа Қазақстан» идеологиясын бейнелейтін киберпанк элементтерін де көрсетеді.

Катрин Безверхова аймақ директорларына «жалынды сәлемін» жеткізді, оның айтуынша, ұйымдастыру комитеті қазір қарым-қатынас орнатып, түсініспеушіліктерді шешіп жатыр, сонымен қатар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең сұлу арулар «Miss Qazaqstan» сұлулық байқауына батыл қатысады деп үміттенетінін жеткізді.

Георгий Дубинин байқаудың идеологиясына таңданысын білдірді, оның айтуынша, бұл Invictus академиясының бағытымен толық сәйкес келеді және байқауды ұйымдастыру комитетіне сенім білдіргені үшін алғысын жаудырды. Сондай-ақ ол Invictus фитнес-клубтары базасында жұмыс істейтін финалистерге арналған «жаттығу лагерін» құру бастамасы туралы айтып, екі жоба арасындағы ұзақ және сенімді бірлескен ынтымақтастыққа үміт білдірді.

«Miss Qazaqstan» ұйымдастыру комитеті баспасөз конференциясында қатысушылармен 2022 жылдың жеңімпазы үшін арнайы жасалған жаңа тәж жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Катриннің айтуынша, “Miss Qazaqstan-2022” жеңімпазының басын безендіретін жаңа өнім Арменияда сегіз адамның жетекшілігімен жасалып жатыр және 17 қараша күні Қазақстанға келеді. Тәж платинамен қапталған және 600-ден астам цирконий тастарымен безендірілген.

Байқау комиссиясының өкілдері өзіңізге ұнайтын аруға қалай дауыс беруге болатыны туралы да айтты. Бірінші кезеңде 25 финалист ішінен 15 ару, содан кейін ең үздік бес қатысушы таңдалады, олардың ішінен жалпыхалықтық дауыс беру арқылы және жұлдызды қазылар алқасы мүшелерінің арасынан жалғыз жеңімпаз таңдалады. Республика сарайының экранында дауыс беруге арналған лэндинг болады, оған кез келген адам QR кодты пайдаланып кіріп, тәжға лайықты деген аруға дауыс бере алады.

Көрермендер Ticketon.kz сайтынан билетті сатып алып, Республика сарайында өтетін байқаудың финалына арналған шоуды тікелей тамашалай алады немесе 18 қараша күні сағат 20:00-ден 22-ге дейін НТК арнасындағы финалдың тікелей трансляциясына қосыла алады. 

“Miss Qazaqstan-2022” байқауы финалистерінің тізімі:
1. Томирис Заир, 19 жаста, бойы 179, Алматы қаласы
2. Диана Ташимбетова, 19 жаста, бойы 179, Алматы қаласы
3. Зарина Нұржанова, 18 жаста, бойы 176, Шымкент қаласы
4. Дильназ Тілаева, 19 жаста, бойы 176, Алматы қаласы
5. Жанель Мырзатаева, 18 жаста, бойы 176, Атырау қаласы
6. Нина Доброжан, 18 жаста, бойы 173, Қостанай қаласы
7. Наиля Мүталиева, 21 жаста, бойы 173, Алматы қаласы
8. Назерке Абылайхан, 17 жаста, бойы 173, Түркістан қаласы
9. Рамина Ибрагимова, 24 жаста, бойы 172, Алматы қаласы
10. Мадина Макишева, 19 жаста, бойы 171, Қарағанды ​​қаласы
11. Томирис Кәкімова, 24 жаста, бойы 170, Астана қаласы
12. Диана Ықтиярова, 21 жаста, бойы 167, Теміртау қаласы
13. Балнұр Рахимова, 18 жаста, бойы 167, Шымкент қаласы
14. Орынгүл Едіге, 19 жаста, бойы 169, Ақтөбе қаласы
15. Әзиза Сыздықова, 25 жаста, бойы 171, Көкшетау қаласы
16. Зарина Беккалиева, 22 жаста, бойы 172, Көкшетау қаласы
17. Дина Кондратюк, 23 жаста, бойы 173, Астана қаласы
18. Маржан Ержанова, 19 жаста, бойы 171, Тараз қаласы
19. Диляра Жұмабай, 21 жаста, бойы 175, Астана қаласы
20. Карина Абдулхаирова, 22 жаста, бойы 176, Алматы қаласы
21. Алтыния Ғазизова, 18 жаста, бойы 176, Семей қаласы
22. Эльмаз Қалмурзаева, 19 жаста, бойы 178, Алматы қаласы
23. Элара Нигомет, 20 жаста, бойы 178, Павлодар қаласы

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ