Астаналық «Астана аруы 2019» байқауының финалы 18 желтоқсан күні QazMediaCentre- де өтті. 19 жасар Айзада Хабиболлаева жеңімпаз атанды. Бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің бірінші курсында, прима-қобыз мамандығы бойынша оқып жатыр. Айзада Хабиболлаева «Қазақстан аруына» жолдама алды, сондай-ақ ару алғашқы ресми фотоссесияны, кәсіби мейкаптың шеберлік сабағын, кутюрьелердің сәнді көйлегін, 500 мың теңгелік сыйлық сертификатын, 12 Look […]

Астаналық «Астана аруы 2019» байқауының финалы 18 желтоқсан күні QazMediaCentre- де өтті.

19 жасар Айзада Хабиболлаева жеңімпаз атанды. Бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің бірінші курсында, прима-қобыз мамандығы бойынша оқып жатыр. Айзада Хабиболлаева «Қазақстан аруына» жолдама алды, сондай-ақ ару алғашқы ресми фотоссесияны, кәсіби мейкаптың шеберлік сабағын, кутюрьелердің сәнді көйлегін, 500 мың теңгелік сыйлық сертификатын, 12 Look тұратын «Астана аруына» арналған ресми гардеробты сыйға алды.

«Мен үшін «Астана аруы» атағы – үлкен жауапкершілік. Бұл атағыммен мақтанып жүремін. Алдағы Еріктілер жылында көптеген әлеуметтік науқандарға қатысуды жоспарлап отырмын. Ұйымдастырушыларға, маған қолдау көрсеткен туыстарыма, жақындарыма және достарыма алғыс айтамын», – деді жеңімпаз.

Үшінші вице-ару атағы 23 жасар Наталья Федотенковаға бұйырды. Екінші вице-ару атағын 18 жасар Қарлығаш Жанғарина еншіледі. Бірінші вице-ару атағын 20 жасар Ханзада Әзірбай алды. Салтанатты рәсімді актер, әнші, Супер Стар КЗ Мега жобасының финалисі, “Екі жұлдыз” жобасының финалисі Ринат Малцагов ашты. Қатысушылар келесі сахнаға музыкант, еліміздің ең табысты вайнері Жекамен (Zheka Fatbelly) бірге шықты. Соңғы сахнада қыздар салтанатты балға киетін көйлектерін киіп алып, керемет бишілермен бірге Вена балына барды.

Байқау кезеңдерінің бірі Дарындылар думанында Қарлығаш Жанғарина (домбыра), Айзада Хабиболлаева (қобыз), Ханзада Әзірбай (поэтикалық өнер), Камила Көптілеу (гимнастикалық нөмір) өнер көрсетті.

Қазылар алқасын әншілік қырымен баурап алған Айым Имашева дарындылар думанының жеңімпазы атанды. Астаналық байқаудың қазылар алқасының құрамы: Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев (қазылар алқасының төрағасы), имидж-стилист Аида Есеналина, «Қазақстан Студенттер альянсының» президенті Ілияс Түстікбаев, «Барыс» қазақстандық хоккей командасының қорғаушысы Виктор Сведберг, «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының директоры Алена Қырбасова, «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының әлеуметтік бағдарламалар директоры Совет Сейітов, «Жас қанаттар» Қазақстанның іскери әйелдер қауымдастығының мүшесі Зарина Ақшолақова.

Қазақстандағы жастар жылының аяқталар кезінде және жарияланған Еріктілер жылы қарсаңында «Астана аруы 2019» байқауының финалға шыққан арулары бірқатар әлеуметтік науқандар өткізді. Финалға шыққан арулар демалыс күндердің бірінде «SOS Астанадағы балалар ауылының» тәрбиеленушілерін Kinopark кинотеатрына «Холодное сердце-2» мультипликациялық фильмінің тұсаукесеріне шақырды. Келесі күні сұлу қыздарымыз Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 түзету мектебіне барып, арт-терапия форматында оқушылармен бірге жаңа жылдық ашықхаттар дайындады, арман-тілектерін сурет етіп салды. Байқауға қатысушылар «Замандас» отбасылық аула клубының балаларына да жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.

Қайырымдылық науқанының келесі кезеңі «28 петель» атты қоғамдық қорға практикалық көмек болды. Қор туылған кездегі салмағы небәрі 500 грамм болатын шала туған сәбилерге қолдау көрсетеді! «Астана аруы» байқауының финалға шыққан арулары үшін қалалық қан орталығына бару да өте маңызды тәжірибе болды. «Астана аруы» байқауының ұйымдастыру комитеті қазіргі уақытта БҰҰ-ның Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау жөніндегі #ItsAllAboutAbility («Мәселенің бәрі мүмкіндікте») атты ақпараттық науқанды іске қосқан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен жұмыс істеп жатқандықтан, аз да болса, мейірімді істердің тізімі көбейері сөзсіз. Бұл бастаманың мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударту, барлық балалардың дамуы мен әлеуметтенуінің маңызды шарты ретінде олардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау.

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ