Финал 11 қыркүйекте Санкт-Петербургте өтеді. Байқауға дайындыққа «Қазақстан аруы» ҰСК ұйымдастырушылары қолдау көрсетеді.
Атыраулық Жанара Дәулетова мен Орал қаласының тумасы Аружан Мұқаш мүгедектер арбасындағы қыздарға арналған «Невская краса» байқауына Қазақстан атынан қатысады.
Жанара Дәулетова белсенді құқық қорғаушы, мұқтаждарға заңгерлік кеңес береді, елдің әлеуметтік өміріне үнемі қатысып тұрады. Ол конкурсқа 2020 жылы қатысуы керек болған, алайда пандемияға байланысты қатыса алмады. Ал ұйымдастырушылар оны биыл қайтадан финалист ретінде шақырды.
Оралдық Аружан Мұқаш Сымбат Академиясында 2 курста оқиды, болашақ киім дизайнері. Ол 2018 жылы «Орал аруы» конкурсына қатысып, екінші орынды иеленді. Бүгінде оқумен қатар логотип және дизайн агенттігін құрып, қатар алып жүр.
«Невская краса» – жай ғана сұлулық байқауы емес, оның ұраны – «Сұлулықтың шегі жоқ». Байқауда қыздардың тек сыртқы келбеті, дарыны мен қабілеті емес, сондай-ақ мүгедектер арбасында жүрген адам кезігетін түрлі кедергіні жеңудің қиын жолдары туралы айтып беру мүмкіндігі.
Санкт-Петербургте дәстүрлі түрде қызық бағдарлама дайындалып жатыр: тәжірибелі фотографтар мен визажистермен фотосессия, сахналық өнерге қатысты мастер-класстар, стилисттерден кеңес, сондай-ақ іскерлік кездесулер мен экскурсиялар болады. Финалда қатысушылар визиткаларын, шығармашылық нөмірі мен ортақ би көрсетіледі.
Байқау ұйымдастырушысы – «На коляске без барьеров» мүгедектердің Санкт-Петербург қоғамдық құқық қорғау ұйымы.
Барлық қыздарға сәттілік тілейміз!