«Сұлулық пен мейірімділік!» деген ұранмен өткізілетін...

« Сұлулық пен мейірімділік ! » деген ұранмен өткізілетін әлеуметтік және қайырымдылық науқандары «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының ажырамас бір бөлігі болып табылады.
« Қазақстан аруы 2019 » байқауына қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласының арнайы түзету мектеп -интернатына барып, балаларға нағыз мереке сыйлады! Мектепте білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар оқиды . Оқушылар ән мен биге толы әсерлі концерттік бағдарлама дайындап, өз таланттарын паш етті.
«Қазақстан ару» байқауының финалға шыққан бойжеткендері біздің мектепке төрт жыл қатарынан келді , бұл кездесуді біз асыға күтеміз . Балаларымыздың осындай қуанышты көріп, өсіп келе жатқанына ризамыз ! Қыздарға айтарым, сіздер қазірдің өзінде жеңімпазсыздар , өз өңірлеріңізде жеңіске жетіп, биік белестерді бағындырдыңыздар. Бастарыңыздан бақ таймасын дегім келеді. Жиі-жиі кездесіп тұруды жазсын . Балалар сіздерге арнап бірнеше нөмір дайындап қойды, сол нөмірлерімен « Жұлдыз – ай » байқауында жүлделі орындарға да ие болды » , – деді мектеп директоры Бахриден Кәрімжанов . Финалға шыққан арулар да балаларға арнап нөмір дайындап келген болатын, олар бірге “Радость, привет!” деген әнді орындап берді, сондай-ақ балаларға сыйлықтарын тарту етті.

Сондай-ақ қызықты

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ