Көптен күткен атаққа кімнің ие болып, кімнің еліміздің «бірінші вице-миссі» атанғаны, халықаралық аренада Қазақстанның атынан кімдердің аттанатыны белгілі болды.
Бүгін Алматыда көптен күткен «Miss Qazaqstan-2022» ұлттық сұлулық байқауының бас финалы өтіп, биылғы жеңімпаздың есімі белгілі болды.
Жеңімпаздың қайталанбас тәжін киіп, еліміздің ең сұлу аруы атану құрметі бұған дейін «Алматы бірінші вице-аруы-2022» атағын жеңіп алған дарынды және бірегей Томирис Кәкімоваға бұйырды.

Ол Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын халықаралық құқық мамандығы бойынша бітіріп, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде заңтану магистрі дәрежесін алды.
Академиялық білім алу қажеттілігіне қарамастан, бойжеткен әрқашан шығармашылыққа уақыт табуға тырысты.
Бала кезінде Томирис әртүрлі байқаулар мен олардың қатысушыларына таңдана қараған және көп ұзамай солардың бірінде өз күштерін сынап көруді шешті. Осылайша, “ЕНУ Аруы” сұлулық байқауының қатысушысы бола отырып, университеттің бірінші вице-аруы атанды. Уақыт өте келе қызығушылығы оны модельдік мансапқа алып келді. Бойжеткен модельдік тәжірибені әйгілі дизайнерлер мен фотографтардың әртүрлі жобаларына, сондай-ақ FW және Milan FW сияқты іс-шараларына қатысу арқылы алды. Биыл “Walkinheels” дефиле курстарын ашты.
Томирис бала кезінен биге құмар және ұлттық би бойынша гран-при жүлдегері бола отырып, түрлі жарыстарға қатысады.
Ол спортпен және йогамен айналысуға уақыт табуға тырысады, ал бос уақытын отбасымен және туыстарымен өткізеді.
“Конкурсқа қатысу мақсаттарының бірі шығармашылық жағынан өзін көрсету және өз таланттарын ашу мүмкіндігі болды. Мен сұлулық пен сән саласында одан әрі дамығым келеді, ал бұл байқау мен үшін өсудің жаңа деңгейіне шығуға тамаша мүмкіндік болады. Жақын арада Бақытты отбасы құрып, өз кәсібімді ашқым келеді”, — дейді Қазақстан-2022 аруы.
“Қазақстан-2022 бірінші вице-аруы” атағын “Алматы-2022 аруы” Томирис Заир лайықты түрде алды.

Бойжеткен Ораз Жандосов атындағы 105 гимназияның түлегі, ал қазіргі уақытта модельдік салада белсенді жұмыс істейді және ақпараттық жүйелер факультетінде оқиды. Томирис, сонымен қатар, домбыра және фортепиано сыныптары бойынша музыка мектебін бітірді, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды және баға жетпес тәжірибе жинады. Ол сондай-ақ әйелдер футболымен әуесқой деңгейде айналысып, Қазақстанның бірнеше қалаларында болды.
Қазір ару психологияны зерттеп, өз ісін ашумен айналысады, бизнес тақырыбына арналған түрлі тренингтер мен семинарларға қатысады. Ол сонымен қатар, жаңа технологиялар бойынша білім алады және криптовалютаны зерттеуде.
“Мен үшін осындай көлемдегі байқауға қатысушылардың бірі болу – атқарылған жұмыс пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Республикалық байқауда финалистердің қатарында болу және өз туған қалаң, Алматының атынан өнер көрсету — үлкен мәртебе!”- дейді бойжеткен.
“Жер аруы” байқауында 19 жасар Дильназ Тілаева Қазақстан атынан шығу құрметіне ие болды.

Ол “Тұран” университетінде аудармашы мамандығы бойынша оқиды. Бойжеткен әрқашан стюардесса болуды армандаған, ал ол үшін ағылшын тілін жетік білу керек.
Дильназ – тазалық пен үйдегі жайлылықты бағалайтын, психологиялық кітаптар оқып, велосипед тебуді, кешкі астан кейін серуендеуді ұнататын мақсаты айқын қыз. Байқау басталғаннан кейін Дильназ футболдың нағыз жанкүйері болды. Ол сондай-ақ баскетбол, волейбол және бимен айналысты және экшн мен тарихи фильмдерді көргенді ұнатады.
«Мен үшін «Қазақстан аруы» байқауы өзімді көрсету, баға жетпес тәжірибе алмасу, сонымен қатар қатысудан жағымды эмоциялар алу мүмкіндігі. Мен үшін ең бастысы – байқауға қатысу, бірақ мен өз қаламды және елімді лайықты түрде көрсетуге тырысамын», – дейді Дильназ.
“Әлем аруы” байқауына Қазақстанның атынан қатысу мүмкіндігі Диана Тәшімбетоваға бұйырды.

Диана университетте сәулет өнерін оқиды, вокалын дамытып, фортепианода ойнайды, сурет салуды ұнатады, тілдерді үйренеді, шешендік және актерлік шеберлікті меңгереді, спорттық-бал билерімен айналысады. Сонымен қатар, ару өзінің Алматы мен Астанадағы Тоp studio жеке киім брендін дамытуда, сондай-ақ, ірі маркетплейстерде онлайн сатумен айналысады.
Ол кәсіби модель болып жұмыс істейді және Стамбул, Милан және Сеулде шетелдік тәжірибесі бар. Ол сондай-ақ онкологиялық науқастарды емдеуге қаражат жинайтын қайырымдылық қорында қызмет етуде.
«Мен отбасыммен уақыт өткізгенді жақсы көремін. Әсіресе Қазақстанның әртүрлі табиғи жерлеріне бірге саяхаттаған керемет. Маған басқа елдерге саяхаттау, басқа халықтардың мәдениетін зерттеу ұнайды», – дейді Диана.