"Елбасы Медалі" бағдарламасы өз елінің дамуына үлес қосқысы келетін, сондай-ақ жеке тұлға ретінде жетістікке жетуге ұмтылған белсенді жастарға арналған марапат.
“Орал аруы” байқауының қатысушысы Аружан Бисембай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының “Елбасы Медалі” сыйлығының иегері атанды.
Бағдарламаның негізгі символы – табыстың 7 жебесін білдіреді. Осы жеті бағыт жастардың қабілетін дамытуға, қазақстандықтардың рухы мен күшін шыңдауға, жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етуге көмектеседі.
“Мен 6 ай бойы 7 бағыт бойынша: волонтерлік, ұлттық мұра, кітап оқу, таланттар мен дағдылар, спорт және дене шынықтыру, туризм және еңбек практикасы бойынша түрлі тапсырманы орындадым. Әр бағыттың өз ерекшелігі бар. Мен әр тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарап, бар ынта-жігеріммен орындадым. Әр бағытта өз әлеуетім мен қабілетімді шыңдадым. Осы жобаның арқасында адамның бойында патриотизм, мақсатқа жету, көшбасшылық, әдеп, жауапкершілік, мейірімділік сияқты қасиеттер дамиды. Өзімнің табандылығымның арқасында алға қойған барлық мақсатыма қол жеткіздім және армандаған “Елбасы медалін” ала алдым”, – деп бөлісті Аружан Бисембай.