Финалистермен бірге науқанға қазіргі «Алматы аруы – 2019» Диана Әбішева да қатысты.
«Алматы аруы-2020» финалистері Медеуде қоқыс жинау бойынша экологиялық науқан өткізді. Жексенбі күні таңертең қыздар Медеу-Горельник бағыты бойынша тазалау жұмыстарын жүргізді.
Қыздардың бастамасын Еріктілер лигасының қыз-жігіттері қолдады. Ұйымдастырушылардан қолғаптар, қоқыс салатын қаптар алып, біз топ болып бағытты бойлап жүрдік.
Медеу-Горельник бағыты кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл алматылықтардың арасында кеңінен танымал орындардың бірі. Айтпақшы, бұл жерді қатысушылардың кейбіреуі мүлдем көрмепті, сондықтан бұл сейілде олар таудағы тағы бір ғажайып орындардың біріне тәнті болды. Қоқыстың аз болғаны қуантарлық жәйт. Бұл сәйкестік емес деп үміттенемін, адамдар расында да, жауапты бола бастаған.