20 жыл ішіндегі «Қазақстан аруы» сұлулық байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары мерейтой күнтізбесінің
кейіпкері болды.
2016 жылы «Қазақстан аруы» ұлттық байқауы мерейтойын атап өтіп, көрермендерге бірнеше тосынсый дайындаған болатын.
Олардың бірі – байқау тарихында ең табысты, атақты, әлеуметтік тұрғыдан белсенді «Қазақстан аруы» байқауына қатысушылар мен жеңімпаздар презентациялық күнтізбенің кейіпкерлері болды. Қазақстанның беткеұстар сұлулары өздерінің шынайы өміріне негізделген, отбасыларының ортасындағы суреттерін көрсетті.
«Жоба ұлттық кәсіптің, мәдени мұраның, ұлттық киімнің, дәстүрлі тұрмыстың бірегей заттары ұсынылған қазақ этно-инсталляцияларында түсіріледі. Сондай-ақ байқауды ұйымдастырушылар Қазақстан жастары үшін арнайы көптеген тарихи мәліметтер-түсіндірмелері бар жобаның интернет-нұсқасын дайындауда, олар жаңа ұрпақты ұлы даланың ұлттық рухы мен мәдени мұрасын тануға, құрметтеуге және сақтауға деген қызығушылығын арттырып, ынталандыратыны сөзсіз.
Мерейтой күнтізбесінің кейіпкерлері: Сәуле Рахмедова («Қазақстан аруы 1996»), Дана Төлеш (“Қазақстан аруы 1998”), Маргарита Кравцова (“Қазақстан аруы 2000”), Әсия Әбісова (“Астана аруы 2014”), Салтанат Бекжігітова (“Алматы аруы 2010”), Жанна Жұмалиева (“Қазақстан аруы 2010”), Айнұр Төлеуова (“Қазақстан аруы 2011”), Айдай Исаева (“Қазақстан аруы 2013”), Регина Вандышева (“Қазақстан аруы 2014”), Әйгерім Қожахан (“Алматы аруы 2013”), Ирина Әшірбекова (“Қазақстан аруы 1998” байқауына қатысушы), Әлия Мергембаева (“Қазақстан аруы 2015”).