Қазақстанның көрікті жерлері – орасан зор «Әлем аруы 2019» байқауы алаңында
«Қазақстан аруы» байқауының түсірілім тобы арнайы «ӘЛЕМ АРУЫ 2019» үшін «Қазақстанның көрікті жерлері» деген таныстырылым фильмін түсірген. Ол Ұлы даланың киелі жерлеріне, Қазақстан Республикасының бірегей географиялық және табиғи ландшафттарына арналған.
Ауқымды түсірілімдер Отанымыздың ең көрікті жерлерінде өтті. Роликтің басты кейіпкері – «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ 2019» жеңімпазы Мадина Батық ғажайып көгілдір түсті су бар Қайыңды көліне барып, Шарын шатқалы мен Бозжыра шатқалының адам сенгісіз пейзажын тамашалады. Осы және басқа да көрікті жерлерді 186 ел жиналған ӘЛЕМ АРУЫ байқауының орасан зор алаңы тамашалаған роликтен көре аласыздар.
Шарын шатқалындағы түсірілім
Жобалар