Қазақстан – ғажап мекен

Бұл әсерлі шағын фильмдерде өңірлік тур жеңімпаздары өз өңірлерінің туристік мүмкіндіктерін паш етті.

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарнама-танымдық роликтер топтамасы атты арнайы жобаны түсіруді ойдағыдай жүзеге асырды.

Мысалы, «Петропавл аруы» Ботай ежелгі энеолит қонысы хақында, «Қарағанды аруы» Кент таулары турасында, «Ақтау аруы» – Торыш тастар алқабы мен «Қарынжарық» ойпаты жайлы, «Тараз аруы» Ақсу-Жабағылы қорығы туралы баяндап берді…

Арулар туған өлкелеріндегі көрнекі жерлер туралы мақтанышпен әрі сүйіспеншілікпен әңгімелейді, бірегей табиғи және археологиялық нысандарды өз көздерімен көріп кету үшін туристерді Қазақстанға шақырады. Өз өңірін өзгелерден жақсы, қызықты етіп таныстырған Қатысушы «Туризм аруы – 2019» титулымен марапатталады.

Шымкенттік Балжанат Анас «Туризм аруы – 2019» титулымен марапатталды.

Жобалар

БАЙҚАУДЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ