Назарларыңызға Әлфия Ерсайынның Miss UNIVERSE байқауындағы Қазақстан туралы бейнеролигін ұсынамыз.
Түсірілім Бозжыра шатқалы, таңғажайып көкпеңбек суы бар Қайыңды көлі, Шарын шатқалы, алма бақ, таулы өзен және керемет таулар сияқты еліміздің ең көркем әрі керемет жерлерінде өтті.
Әлфия Ерсайын Қазақстанда кез келген туристтің көңілінен шығатын істің бар екенін айтады. Экстримді ұнататын жан ретінде аруымыз альпинистермен бірге Іле Алатауының баурайын бағындыруға тырысты, рафтингистермен бірге таулы өзеннен түсті, велоспорттың жас командасымен танысты.
Ұлы Жібек жолының Қазақстанды басып өтетін бөлігінде жақсы сақталған ежелгі Сауран қалашығының таңғажайып кадрлары көрермендерді тәнті етті, ал тарихымыз бен мәдени игілігіміз болып табылатын тамаша алма бақтар түсірілген кадрлар бейнеге көрік бере түсті.
«Менің елімнің тарихы бай, дәл осы жерден Ұлы Жібек жолы өткен, қабырғалары сол замандағы көп нәрседен хабардар бекіністі қалалар салынған, әлі күнге дейін ұлы Ғұндар туралы ескерткіштері бар шатқалдарды кездестіреміз. Бір кездері бұл далада ата-бабаларымыз жылқыны алғаш рет қолға үйреткен. Қазіргі уақытта жыл сайын ең үздік шабандоздар көкпар ойынын ойнап, ептілік, жылдамдық және тұлпарды тізгіндеу жағынан жарысады», – дейді роликтің кейіпкері.
Клип АҚШ-тағы “Әлем аруы” халықаралық байқауында көрсетіліп, көптеген оң пікірлер жинады.
«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ» Ұлы даланың киелі жерлерін аралады
Жобалар