Біздің күшіміз – бірлікте. Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін бірігіп жатыр.

Біздің күшіміз – бірлікте. Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін бірігіп жатыр.

Еріктілермен бірге "Қазақстан аруы" сұлулық байқауының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге азық-түлік пен қажетті заттарды гуманитарлық көмек жинау пунктіне апарды. Алмалы ауданының коммуналдық орталығына тұрғындар, қор өкілдері мен еріктілер қажетті заттарды әкелуде. "Бүгін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинау пунктіне келдік. Біз шетте қалмай, өз үлесімізді қосқымыз келеді. Біздің күшіміз – бірлікте", - деді "Қазақстан аруы" байқауының бренд-амбассадоры Дильназ Тилаева. Қазақстанда осы күндері бей-жай қарамайтын тұрғындарды біріктірген қиын сынақты бастан өткеруде. Жалпы алғанда, Алматыдан су тасқыны болған өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілген.

Байқау серіктестері