27 қараша күні Алматы
қаласында ел назарын ерекше
аударған жарқын әрі эмоцияға толы «Қазақстан Аруы 2025» Ұлттық сұлулық байқауының жартылай финалы өтті.
Бір сахнада Қазақстанның
барлық аймақтарынан келген 31 қатысушы өнер көрсетті: олардың арасында өңірлік кезеңдердің
жеңімпаздары мен ашық кастингтерден өткен
қатысушылар бар. Тек 19 үздік қатысушы «Қазақстан Аруы 2025» Ұлттық
байқауының финалына жолдама алды, ал жиырмасыншы финалистің есімі әзірге құпия
сақталады – ол финалдық құрамға кейін қосылады.
Финалға өткендер:
• Жанқылыш Аида – Miss Astana
2025
• Тұрлықожа Диана – Алматы қ.
• Іңкәр Ислам – Miss Aqtau 2025
• Ахмадиева Газиза – Алматы қ.
• Тулегенова Амира – Vice Miss Astana 2025
• Байкенова Шадияра – Алматы қ.
• Сарсенбай Дильназ – Miss Aqtobe 2025
• Даутова Полина – Орал қ.
• Нурахметова Алина – Miss Taldykorgan 2025
• Болатбекқызы Аяулым – Miss Qaragandy 2025
• Айнабек Нұрай – Miss Shymkent 2025
• Актаева Лаура – Miss Almaty 2025
• Екатеринчева Алина – Шымкент қ.
• Бозжігітова Нұрайым –
Алматы қ.
• Карим Маржан – Алматы қ.
• Даулетова Камила – Алматы қ.
• Уразиманова Амина – Алматы қ.
• Санат Диана – Алматы қ.
• Жумартова Мадина – Miss Pavlodar 2025
2025 жылғы байқаудың басты тақырыбы – Freedom of
Choice (Таңдау еркіндігі). Бұл қоғамдағы өзгерістердің заңды жалғасы
іспетті. Өзін еркін таныстыру, өз
жолын таңдау, ашық әрі сенімді сөйлеу – жаңа маусымның негізгі құндылықтары. Заманауи Қазақстан
Аруы бейнесі тек сұлулықпен
емес, жеке тұлғамен, мінез күшімен, зияткерлікпен және өз
буынының дауысы бола алу қабілетімен өлшенеді.
Биылғы байқау қамту жағынан рекорд орнатты: ұйымдастыру
комитеті еліміздің барлық 15 өңірінде ірі аймақтық іріктеулер өткізіп, қалалар мен облыстардың ең сұлу аруларын анықтады. Сонымен қатар 9 ай бойы ашық кастингтер жалғасып, оған жас ерекшелігіне, тұрғылықты жеріне немесе
тәжірибесіне қарамастан барлық қыздар қатыса алды. Нәтижесінде жартылай финалда өте алуан, мықты және
шабыттандыратын құрам жиналды.
Жартылай
финал үш кезеңнен тұрды:
– кешкі көйлектердегі дефиле,
– спорттық образдағы шығу,
– коктейльдік көйлектердегі дефиле.
Залда ерекше толқу
сезілді: жарқыраған прожекторлар, көрермен
қошеметі, әуен және нәтижелерді күтудегі шиеленіс үлкен шоудың
атмосферасын қалыптастырды. Қыздар сахнаға сенімді шығып, әрқайсысы өзін жаңа
қырынан көрсете білді.
Бағалаудың
әділдігіне жауапты болғандар:
– Айжан Рузаева, «Қазақстан Аруы» Ұлттық сұлулық байқауының директоры
– Олександр Баланец, «Қазақстан Аруы» Ұлттық сұлулық байқауының арт-директоры
– Бағым Балтабаева, Қазақстан
Аруы 2024
– Мадина Әлмұханова, Ғалам Аруы Қазақстан 2023
Қазылар қазіргі қатысушыны интеллект, сенімділік,
әлеуметтік жауапкершілік және тұлғалық күштің үйлесімі деп бағалайтынын атап
өтті.
Байқау
директоры Айжан Рузаева: «Стандарттардың
өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Бүгінгі Қазақстан Аруы – бұл таңдау, дауыс, мінез күші және
елді халықаралық деңгейде таныта алу қабілеті. Жартылай финал Қазақстанда дарынды, ақылды және батыл
қыздардың өте көп екенін көрсетті. Біз мақтануға тұрарлық буынды тәрбиелеп
келеміз», – дейді.
Қазақстан Аруы 2024 Багым Балтабаева: «Қыздардың қатысуға қаншалықты саналы түрде
дайындалатыны мені таңғалдырды. Олар өздерін таниды және елге, әлемге не
айтқысы келетінін біледі», – деп өз әсерін бөлісті.
Жартылай финал қорытындысы бойынша 20 қатысушыдан
тұратын финалдық құрам жасақталды. Олар 4 желтоқсан күні сағат 20:00-де Queen
Almaty мейрамханалық кешенінде өтетін «Қазақстан Аруы 2025» Ұлттық сұлулық байқауының финалында өнер
көрсетеді.
Финалистер басты тәж үшін, Қазақстанды
халықаралық сахналарда таныту мүмкіндігі үшін және әйелдік күш пен еркін таңдау
сияқты жаңа құндылықтардың символы болу құқығы үшін бақ сынайтын болады.
Қазақстан Аруы 2025 –
жай ғана сахна мен дефиле емес. Бұл –
қыздарға өз болмысын, арманын және ішкі күшін ашуға мүмкіндік беретін
платформа. Бұл – таңдау еркіндігі
абстракция емес, шынайы құндылыққа айналатын кеңістік: өзіндік болуға, ашық
сөйлеуге және өз жолымен жүруге деген еркіндік.
Сұлулық – қызды ерекше, сенімді және шабыттандыратын ішкі энергия. Осы энергия жартылай финал сахнасында айқын көрінді.