Алматыда «Қазақстан аруы-2024» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтеді

Алматыда «Қазақстан аруы-2024» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтеді

Көптен күткен «Miss Qazaqstan-2024» ұлттық сұлулық байқауының финалы 5 желтоқсанда  сағат 19:00-де Назарбаев даңғылы, 275в мекенжайындағы Queen мейрамханасында басталады.

Қонақтарды қызыл кілем, шоу-бағдарлама, дәмді тағамдар мен керемет атмосфера күтеді. Шоуда кастингтер мен байқаудың жартылай финалы нәтижесінде іріктеліп алынған 20 қыз қатысады. Олардың арасында аймақтық кастингтердің жеңімпаздары да бар.

Гранд финалдың хедлайнерлері ретінде өнерпаз Амалят, әнші Айбек Серікханов, Ваха және МузАРТ вокалды-аспаптық ансамблі шақырылды.

Биылғы жылдың наурыз айында «Қазақстан аруы» байқауының жаңа маусымына қатысуға екі мың өтініш түскен. Бір жыл бойы ел бойынша іріктеу кезеңдері, кастингтер мен жартылай финал өтіп, нәтижесінде тәжге таласуға лайықты деп саналған 20 үміткер іріктелді. Қыздардың әрқайсысы жеңіске жететініне сенімді.

2024 жылы Miss Qazaqstan ұраны өзгеріп, The Art Of Being A Woman «Әйел болу өнері» атты жаңа концепциямен жұмысты бастады. 

Бұл Қазақстандағы сұлулық байқауы қызметтің барлық салаларындағы әйелдерді қолдауға арналған кең алаңға айналып келе жатқанын, ал байқаудың өзі енді тек қатысушылардың сыртқы келбетін бағалап қоймайтынын көрсетеді. Сондай-ақ қатысушылардың әлеуметтік белсенді болуы, қоғамдық жұмыстарға қатысуы, ерікті болуы, интеллектуалдық дағдыларын жетілдіріп, ой-өрісін кеңейтуі маңызды.

«Miss Qazaqstan» сұлу қыз-қеліншектердің де түрлі салада дамып, маңызды істермен айналыса алатынын көрсетуге тырысады.

Байқаудың гранд финалы – жыл сайынғы дәстүр, Қазақстанның қыз-келіншектерін біріктіріп, қолдайтын  елдегі көптен күткен оқиғаға айналды. Сізді күтемін!

Байқау серіктестері