«Астана аруы-2023» есімі анықталды
Елордада байқаудың финалы өтті, онда қазылар алқасы 17
финалистің арасынан жеңімпаз бойжеткенді таңдап алды.
12 қазанда Рахмадиев
атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Астана аруы-2023» сұлулық
байқауының көптен күткен финалы өтті. Биыл шараны «Қазақстан аруы» ұлттық
сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті өткізді, соның арқасында іс-шара жаңа
деңгейге көтерілді.
Финалға іріктеу кезеңдерінен өткен ең талантты, харизмасы
мықты, тартымды 17 бойжеткен қатысты. Қазылар алқасына елорданың ең сұлу аруы
атағын нағыз дайық бойжеткенді таңдау қиынға соқты, алайда олардың ішінен 23
жастағы Карима Бірімжанова суырылып шықты. Бойжеткен «Астана аруы-2023» атағының
иегері атанды. Оған «Тұран Астана» университетінде оқуға грант және «Қазақстан
аруы-2023» ұлттық байқауының финалына жолдама берілді.
Ал I Vice miss Astana-2023 атағына 22 жастағы Анна Зорина
лайықты деп танылды.
II Vice miss
Astana-2023 атағын 23 жастағы Бинур Жамболатова алды.
Бас серіктес - Sun Group мейрамхана холдингінің арнайы
титулы және 1 млн теңгенің сертификаты 18 жастағы Наталья Павлишинаға бұйырды.
Финалға қатысқан қыздар: Алима Талғатова, 19 жаста; Раим
Шинабекова, 25 жаста; Наталья Павлишина, 18 жаста; Карима Бірімжанова, 23 жаста;
Камила Көптілеу, 21 жаста; Бинур Жамболатова, 23 жаста; Алина Байғожина, 17 жаста;
Анна Зорина, 22 жаста; Диана Қанат, 20 жаста; Айым Нұрдәулет, 22 жаста; Дина Үсіпбек,
18 жаста; Виктория Ночевная, 25 жаста; Валерия Антонова, 23 жаста; Елигай Ернарқызы,
21 жаста; Аружан Ермұханбетова, 22 жаста; Әмина Танабаева, 19 жаста; Дана Ермекқызы,
25 жаста.
Финалға және онда 17 бойжеткеннің өнерін тамашалауға
құрметті қонақ ретінде елордалық БАҚ өкілдері, жұлдыздар, медиа-ықпал етушілер
және танымал блогерлер шақырылды. Орындаушылар әнші Гүлнұр Оразымбетова, Ринат
Малцаков және орындаушы Қымбат Жамбылбек іс-шараның хедлайнерлері болса, кешті
Нұрлан Нұрышев жүргізді.
Қазылар алқасының құрамында «Қазақстан аруы» ұлттық
сұлулық байқауының президенті Айдай Исаева, өткен маусым жеңімпазы Томирис
Кәкімова, блогер әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова, әнші, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева және қоғам қайраткері, BodyPro аппараттық
косметология студиялары республикалық желісінің жетекшісі әрі негізін қалаушысы
Зарина Гусман, Гиннес рекордтар кітабына енген алып Сергей Цырульников пен
мәдениет қайраткері Қайролла Әбішев болды.
Дәл осы тізімдегі адамдар «Астана аруы-2023» атағы қай сұлуға лайық екені туралы соңғы
шешім шығарды.
«Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастыру комитеті іс-шараға қолдау көрсеткен демеушілер мен серіктестеріне ерекше алғыс білдіреді және одан әрі өзара тығыз ынтымақтастықты арттыра бермек. Олардың ішінде байқаудың бас серіктесі Sun Group мейрамханалар холдингі, АККО компаниясы, Queen Bee сұлулық салоны, Wella әлемдік косметика бренді, BodyPro салоны бар.
