Кезінде кәсіби балерина болған Сабина балет өнерінің
элементтерін көрсетсе, Мадина балаларға фортепианода ойнауды үйретіп, Аяулым
тамаша сән көрсетілімі бойынша шеберлігін бөлісті.
Шеберлік сыныбының барлық қатысушысы жаңа пайдалы
білім алып, риза болып қайтты. Ал «Қазақстан аруы-2023» финалистері өскелең
ұрпаққа үлгі болуға әрқашан қуанышты екенін жеткізді!