«Қазақстан аруы-2022» байқауында финалға бірден үш ару
шыққан болатын, олардың әрқайсысы «Әлем
аруы», «Жер аруы» және «Ғалам аруы» сияқты халықаралық деңгейдегі байқауларда
Қазақстан атынан шығу құрметіне ие болды. «Қазақстан аруы» байқауының
тарихындағы хас сұлулардың бірі, Алматының тумасы Дильназ Тилаева 22
желтоқсанда Вьетнамның Хошемин қаласында өтетін «Жер аруы» байқауына қатысады.
Еліміздің ең әдемі
аруларының бірімен жүздесіп, оның халықаралық байқауға дайындығы, әлемді неге
үндейтіні туралы, өміріндегі ең елеулі байқау алдындағы сезімі және өз бойында нені
мақтан тұтатыны туралы сұрап білген едік.
— Ділназ, көңіл күйің қалай? «Қазақстан аруы-2022»
финалынан кейін өмірің қалай өзгерді?
-
Кеудемді
керемет сезім кернеп жүр деп айта аламын, рахмет! Әрине, жарыстан кейін өмірім
қыза түсті, оқиғаға толы болды. Модельдеу және жарнамалық жобалар саласындағы
көптеген ұсыныстар мен оқуды қатар алып жүргендіктен демалуға уақыт таба алмадым.
Бірақ мен мұндай үлкен мүмкіндіктерге ризамын және әр секундтан ләззат аламын.
— «Жер аруы» байқауы жақындап қалды. Көрермендерге және
қазылар алқасына қандай негізгі ойды жеткізуді жоспарлап отырсың?
-
«Жер
аруы» мен үшін ең үлкен және өте маңызды байқау. Әсем Қазақстанымызды әлемдік
аренада көрсетуге дәл маған мүмкіндік берілгенін мақтан тұтамын және өте
қуаныштымын. Мен байқауға қатысу арқылы үлкен аудиторияның назарын экологиялық
мәселелерге және болашақ ұрпақтың игілігі үшін Жер шарына қамқорлық жасау
қажеттілігіне аударғым келеді.
— «Қазақстан аруы - 2022» байқауына дайындық пен оған
қатысу қандай мүмкіндіктер берді?
-
Байқауда
білікті шеберлер, бьюти және фэшн-индустриясының
әртүрлі салаларындағы мамандар жұмыс істеді. Байқауда олардан үйренерім көп
болды - өзіңді қалай дұрыс ұстау керек және адамға алғашқы жақсы әсер қалдыру,
ішкі сенімділік және сән көрсетілімі өнері, сондай-ақ модель өміріндегі сахна
сыртында қажет болып қалатын кейбір қулықтарға дейін үйрендім.
Әрине,
«Қазақстан аруы» байқауына қатысу кезінде жіберген қателіктерім – маған пайдалы
тәжірибе болды. Әр адамда түзетілуі керек кемшіліктер болады екен.
— Экологиялық проблемаларды талқылау әлемдік аренада
маңызды орын алады. Бұл туралы не ойлайсың?
-
Мені
қазір өзім тұратын Алматыда да, бүкіл әлемде де ауаның ластану мәселесі
алаңдатады. Айналамда мен сияқты осыған көңіл бөлетін адамдар барына
қуаныштымын. Экология тақырыбына арналған кез келген жоба назар аударуға
тұрарлық деп ойлаймын және жақын арада ғаламшарымыздың экологиясын сақтау үшін
күреске өзімнің жеке үлесімді қоса аламын деп сенемін.
— Экологиялық мәселелерге назар аударуда сұлулық байқауы
қандай рөл атқарады деп ойлайсың?
-
Негізі,
өте маңызды рөл атқарады, бірақ көбі маған сенбеуі мүмкін. Көбінесе сұлулық
байқауының қатысушыларына да, ұйымдастырушыларына да кең аудиторияны қамту үшін
үлкен алаңдар беріледі. Олар қоршаған ортаны қорғау мәселесін көтеру үшін өз
дауысын, беделін пайдалана алады. Бұл экологиялық мәселелер туралы әлем халқын
хабардар етуге және адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласында ғана емес,
сонымен қатар басқа да барлық әлеуметтік және әлеуметтік-құқықтық мәселелерде
әрекет етуге ынталандыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта аудиторияның әсері
маңызды.
— Қайырымдылық шараларына белсене қатысатының көпке
белгілі. Бұл неден басталып еді?
-
Қайырымдылық
менің өмірімде маңызды орын алады. Мен өзімді көмекке мұқтаж адамдарға қол үшін
берген кезде өмір сүретіндей сезінемін. Бәрі 16 жасымда басталды – мектепте
оқып жүрген кезімде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған мамандандырылған мектепте мұғалім қажет екенін айтты. Мен бірден шешім
қабылдадым, көмектесуге келістім. Содан бері қайырымдылық өмірімнің ажырамас
бөлігі болды.
— Өскелең ұрпақты қайырымдылық және экологиялық
бастамаларға қалай шабыттандырғың келеді?
-
Мен
кеңес беріп, сәтті жобалар туралы мысал келтіріп, ақпараттық тұрғыдан көмектесе
аламын және шабыттандырамын. Сондай-ақ кез келген бастамаларды қолдаймын, идеялар
мен жоспарларды құруға көмектесе аламын, сондай-ақ осы салада табысқа жеткен
адамдар туралы айтып беремін. Ең бастысы, жастар өз іс-әрекеттері арқылы әлемді
жақсарта алатынын және нақты оң нәтиже беретінін көрсе болғаны.
— Ең үлкен арманың қандай? Әлемдік бақаудан кейін қандай
жоспарың бар? Қандай адам болғың келеді?
-
Менің
үлкен арманым жоқ, бірақ мен бала кезімнен саяхаттағанды жақсы көремін – тіпті
стюардесса болуды армандадым. Әрқашан осы мамандыққа қызығатынмын - әлемді
шарлап, жер шарының әр нүктесін аралау және әлемді көру арманым.
Байқау
нәтижесіне қарамастан, маған жанкүйер жандарға үлгі болғанымды қалаймын.
Олардың қолдауы мен үшін өте маңызды. Байқауға қатысу арқылы мен оларға өз ойын
жеткізуден қорықпау керектігін айтқым келеді. Әрине, мен үшін адами қасиеттер
бірінші орында тұрады, сондықтан мен әрқашан жақсы және лайықты адам болып
қалғым келеді.
— Қандай жетістіктеріңді мақтан тұтасың?
-
Жақындарыма
және айналамдағы адамдарға көмектесуге мүмкіндігім бар екенін мақтан тұтамын.
Адамдарға күлкі сыйлай алатынымды және олардың өмірін жақсарта алатыныма
ризамын.
—Өмірден қандай философияны ұстанасың?
-
Менің
өмірлік философиям – үнемі дамуға ұмтылу, басқаларға көмектесу және әр күннен
мән мен қуанышқа себеп табу.
-
Ділназ, саған алдағы әлемдік бақауда жеңіспен оралуыңа
тілектеспіз! Елің, халқың сенің тілеуіңді тілеуде! 