«Жер аруы» - төрт үлкен сұлулық байқауының
ішіндегі ең жасы. Байқау ұйымдастырушылары тек шоу жасауды емес, көрермендер
мен қатысушылардың назарын экологиялық проблемаларға аударуды көздейді.
Байқау 2 желтоқсанда Хошиминдегі Нгуен Хюэ жаяу жүргіншілер көшесінде ұлттық костюмдерде өнер көрсетуден басталды. 4 желтоқсанда Gem конференц орталығында үздік эко жобаның презентациясы өтті. 9 желтоқсанда Ван Фук қаласында кешкі көйлектер мен купальниктер көрсетілімі болған «Fashion Voyage-бен бірлескен Жер аруы-2023» байқауы өтті. 14 желтоқсанда Fashionature сән түсірілімі өтті. Ал 16 желтоқсанда Saigon Opera House-те таланттар конкурсы өтті.
Бір ай бойы байқаудың түрлі кезеңдері ұйымдастырылды. Ал бүгін көптен күткен финал өтіп, нәтижесінде қазақстандық Дильназ Тилаева топ-8 финалист қатарына енді. Байқауға жалпы 87 елден келген арулар қатысты.
Әрбір қатысушы қоршаған ортаны жақсартуға арналған
халықаралық жобасын ұсынды. «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының
ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Дильназ Тилаева бірнеше ай бойы өз өнерін
көрсетуге дайындалған, сонымен қатар ағылшын тілін тыңғылықты үйренген,
подиумға шығуға машықтанған және үнемі қайырымдылықпен айналысқан.