14 желтоқсанда Алматыдағы Республика
сарайында көптен күткен «Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауының финалы
өтті. Қазылар алқасы биылғы жылдың жеңімпазын анықтады. Шоуға кастингтер мен
конкурстың жартылай финалында іріктеліп алынған, сондай-ақ аймақтық сайыстарда
жеңіске жеткен 25 қыз қатысты.
Бұл маусымда «Қазақстан аруы» планетамызға
қамқорлық көрсету принципін қолдау платформасына айналды. Сондай-ақ байқаудың
әрбір қатысушысы тек сұлу әйел емес, экологиялық сана-сезім мен қоршаған ортаға
қамқоршы екенін көрсетті.
Байқаудың биылғы ұраны «Болашақты аяла»
девизі болды. Ол тек қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, инновациялық
нейрожелілерді біздің өміріміз бен процеске белсенді енгізуге әсер етті. Ал
байқаудың финалы әсем мәдени оқиға ғана емес, сонымен бірге болашақты
қалыптастырудағы экология мен технологиялық прогрестің маңыздылығын жариялауға
мүмкіндік берді.
"Қазақстан аруы-2023" титулын 21
жастағы балерина Сабина Ыдырысова иеленді. Ол Селезнев училищесін бітіріп,
бірнеше жыл "Астан Балет" сахнасында өнер көрсетті. Ол бірнеше уақыт
бұрын ғана өмірін түбегейлі өзгертіп, сұлулық байқауында тәж кию деген бала
арманын орындауға бекінген.
"Вице-мисс Қазақстан-2023"
атағын талантты Ботагөз Нұржігітова алды. Бұрын "Қызылорда аруы-2023"
атанған ару енді
ол өз қаласына елдің екінші сұлуы құрметті атағын мақтанышпен апарады.
Алдағы уақытта "Жер аруы"
халықаралық байқауында Аяулым Әлімхалиева ел намысын қорғайтын болады. Одан
бөлек, бойжеткенге байқаудың басты серіктесі - Sun Group мейрамхана холдингінің
амбассадоры болу мүмкіндігі берілді.
"Алматы аруы-2023" атағының
иегері Мәдина Әлмұханова келесі жылы «Ғалам аруы» байқауына барады. Ол бес
жылдық тәжірибесі бар кәсіби модель, сонымен қатар ән айтады және фортепианода
ойнайды.
Көрермендер дауыс беруінің нәтижесі
бойынша Аделина Балғымбаева Miss People’s Choice Kazakhstan 2023 номинациясында
жеңіске жетті. Бұған дейін ол «Павлодар аруы-2023» атағын жеңіп алып, мұнымен
тоқтап қалмады. Көрермендердің сүйіктісі визажист ретінде жұмыс істейді, сән
саласында дамып келеді және ұзақ уақыт бойы каратэмен айналысады.
Ал биылғы жылы байқау серіктестерінен ең
спорттық қатысушыға жаңа номинация берілді – «Miss INVICTUS Kazakhstan-2023»
атағын Алина Имирова алды. Көпшілік оны TikTok блогері, биші және модель
ретінде біледі, ал енді ол елдегі ең спорттық титулдың иегері!
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Аруы –
2023» сұлулық байқауының басты серіктестері болған «Тұран» Университеті, НТК
телеарнасы, Luxe FM радиосы, zakon.kz жаңалықтар порталы,
пластик және металл аксессуарларының дизайнері, зергер - Алмаз Аскари және
Қырғыз елінің дизайнері Арзубек Вонама;
Жобаның демеушілері болған Bella бренді,
автокөліктерді жалға беруші компания Imageauto, Invictus фитнес клубтар желісі,
Arzu Fitnes Life суы, Food for Fit теңгерімді тағамдары болды. 