Алматы қаласындағы Махатма Ганди атындағы саябақта әр жұма сайын балаларға арналған таңғы жаттығу өтеді – бұл өсіп келе жатқан ұрпақ үшін спортты қолжетімді, қызықты және күнделікті дағдыға айналдыруды мақсат еткен бастама.
Алмалы ауданы әкімдігінің бастауымен ұйымдастырылған шараға «Miss Qazaqstan» ұлттық сұлулық байқауының директоры Айжан Рузаева өз қолдауын білдірді. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың спорт пен белсенді өмір салтына деген сүйіспеншілігін ерте жастан қалыптастырып, тәртіп пен өз-өзіне деген сенімді нығайтады. Айжан Рузаева бұл бастамалармен жақсы таныс – аталған жаттығуларға каратэмен айналысатын ұлы да қатысады.
Бұл пайдалы әрі шабыттандыратын науқан Ашихара Каратэ Федерациясы мен федерация президенті Андрей Василюхиннің қолдауымен өтті. Дәл осы федерацияда Айжан Рузаеваның ұлы жаттығып жүр.
«Спорт – бұл өз-өзіңмен ішкі диалог жүргізу. Әр қадам, әр жаттығу – “Мен кім болуды таңдаймын?” деген сұраққа жауап. Балаларымызды осыған үйрету – аса маңызды», – деді байқау директоры.
Әлеуметтік және спорттық бастамаларды қолдау – жан-жақты даму, сенімділік, көшбасшылық пен денсаулықтың басты құндылық деп білетін «Miss Qazaqstan» қауымдастығы командасының маңызды бағыты. Біз қала тұрғындарын қозғалыс мәдениетін насихаттап, салауатты өмір салтын бірге қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырамыз.