Павлодар маусымды ашты: «Қазақстан аруы-2025» бірінші аймақтық кастингі қалай өтті

Павлодар маусымды ашты: «Қазақстан аруы-2025» бірінші аймақтық кастингі қалай өтті

Қатысушыларды іріктеу алғаш рет еліміздің барлық 15 өңірінде өтеді – бұл жай ғана ауқымды кеңейту емес, бұл байқаудың тұтас жаңаруы, мұнда әр аймақ өзінің жарқын да дарынды қызын республикалық деңгейде таныстыруға мүмкіндік алады.
Бұл жолды алғаш ашқан қала Павлодар болды. Кастинг 13 мамырда облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында өтіп, оған 40-тан астам қатысушы жиналды. Қыздар армандарымен, жетістіктерімен, қабілеттерімен бөлісіп, өз аймағын мақтанышпен таныстырды. Қазіргі форматтың ерекшелігі – аймақтық кастингтер «Miss Qazaqstan» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитетінің тікелей қатысуымен өтеді.

 

– Біз кастингтеріміздің географиясын кеңейтіп жатырмыз. Біз өңірлерден көбірек қыздар қатысып, өз жерлерін мақтанышпен танытқанын қалаймыз, - деді «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының кастинг-директоры Дильназ Махмудова.

 

Таңдалған 10 қыздың әрқайсысы жобаға қатысуын жалғастырады. Олардың арасында студенттер, спортшылар, еріктілер және болашақ дәрігерлер бар. Бұл қыздар – «Таңдау еркіндігі» деп аталған жыл тақырыбының көрінісі. Олар өздерін, өз амбицияларын, өз батылдықтарын таңдайды. Олар – жаңа ұрпақтың үні. Павлодарлық кастинг әрбір күлкінің артында бір оқиға, әрбір дефиленің артында еңсерер жол жатқанының дәлелі болды.

 

Бұл – ұзақ жолдың басы ғана. Аймақтық кезеңдер жалғасуда, жақын арада біз «Miss Qazaqstan-2025» финалында әр өңірдің атынан кім шығатынын білетін боламыз. Ал қазір біз Павлодарға қонақжайлылығы, белсенділігі және байқаудың жаңа дәуірінің жарқын бастамасы үшін алғыс айтамыз.

Байқау жаңалықтары

«Miss World байқауына» “Қазақстан Аруы" аттанбақ: әлемдік аренада елімізді Сабина Идрисова таныстыратын болады

«Miss World байқауына» “Қазақстан Аруы" аттанбақ:  әлемдік аренада елімізді Сабина Идрисова таныстыратын болады

Атап айтсақ, «Қазақстан Аруы 2023» жеңімпазы Сабина Идрисованың 6 мамыр күні Үндістанда өткелі отырған халықаралық «Miss World 2025» сұлулық байқауына аттанбақ.

Байқау серіктестері