29 қарашада Алматыдағы Dragonfly Izakaya-да «Қазақстан
аруы» ұлттық байқауының жаңа маусымы мен 5 желтоқсанда өтетін еліміздің ең сұлу
аруын анықтайтын финалистерге арналған баспасөз мәслихаты өтті! "Miss
Qazaqstan 2024" ұлттық сұлулық байқауының гранд-финалы Назарбаев 275В
мекенжайындағы Queen Almaty мейрамхана кешенінде өтеді.
Баспасөз мәслихатын байқаудың директоры Айжан Рузаева,
«Қазақстан аруы» қайырымдылық қорының жетекшісі Рамина Ибрагимова,
кастинг-директоры, «Ғалам аруы Қазақстан -2023» титулының иегері Мадина Әлмұханова
және байқаудың PR директоры Гүлім Советқаннан құралған ұйымдастыру комитеті
өткізді.
Айжан Рузаеваның айтуынша, биылғы байқаудың тұжырымдамасы
түбегейлі өзгеріп, «Miss Qazaqstan» сұлулық байқауы барлық әйелдің даму алаңына
айналды. Мұны биылғы маусымның ұраны да (The Art Of Being A Woman) де,
жеңімпазға берілетін басты сыйлық – Еуразия технологиялық университетінде (ЕТУ)
кез келген мамандық бойынша оқуға берілетін грант та растайды.
Байқаудың PR-директоры Гүлім Советқан заманауи ару әдемі
болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік шараларға араласуы, шығармашыл,
ақылды, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын және тәуелсіз болуы маңызды екенін атап
өтті. Сонымен қатар ол финалға бір апта ғана қалғанын айтып, қазақстандықтрды
сүйікті қатысушысы үшін әлеуметтік желіде дауыс беруге шақырды. «Біз өтінім берген екі мың қыздың
арасынан біз 20 үздік финалистті таңдадық. Олар – үздік шоу-бағдарламаға қатысу
үшін осы уақыт бойы дефиле, хореография және шешендік өнерді ыждағаттылықпен
жасағандар, - деді ол.
«Miss Qazaqstan» жаңа қайырымдылық қорының жетекшісі
Рамина Ибрагимова қазір байқауға қатысушылар экологиялық науқандарды,
әлеуметтік шараларды және қайырымдылықты белсенді түрде қолдайтынын айтты. Оның
айтуынша, бұл халықаралық жарыстардың да
талабы болып саналады. «Ал осы маусымның жеңімпазы бір жыл бойы менімен
қайырымдылық шараларында иық тіресе жұмыс істеуге мүмкіндік алады", - деді
ол.
Өткен маусымның жеңімпазы және байқаудың жаңадан
тағайындалған кастинг-директоры Мадина Әлмұханова жақында өткен «Әлем аруы» байқауынан
алған әсерін айтып, өмірінде болған өзгерістерге тоқталды. "Бір жыл бұрын
мен өзім байқаудың қатысушысы болдым және қазір қатысушылардың қандай
эмоционалдық және психологиялық қиындықтардан өтіп жатқанын жақсы түсінемін.
Мен оларға көмектесіп, қолдау көрсете алғаныма қуаныштымын», - деді Мадина
Әлмұханова.
Финалға шыққан 19 қатысушы баспасөз мәслихаты
қонақтарының алдында "Miss Qazaqstan" серіктестері – Merhat зергерлік
брендінің зергерлік бұйымдарын тағып, дефилеге шықты, сонымен қатар дайындық кезеңінде
киетін спорт костюмдерін Glyptiss-тен сыйлыққа алды. Ал Boteal негізін қалаушы
қыздарға сәттілік тілеп, өз брендінің жаңа тері күтіміне арналған майды ұсынды.
«Miss Qazaqstan-2024» ұлттық байқауының финалы 5
желтоқсанда Назарбаев 275В мекенжайындағы Queen Almaty ғимаратында Назарбаев
275В мекенжайында өтеді. Биылғы көптен күткен оқиғаны жіберіп алмаңыз және
"Miss Qazaqstan 2024" жеңімпазының есімін бірінші болып біліңіз!