"Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазары

"Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазары


"Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазары Сабина Ыдырыслва, Аяулым Әлімхалиева және Мадина Әлмұханова сондай-ақ конкурстың басты амбассадоры Ділназ Тилаева Алматы әкімдігімен бірлесіп, қаланы тазалау акциясына қатысты. Бұл үшін арнайы әмбебап құрал-жабдық қолданылды: Boschung Poni P-3 электрлі көліктері, Itala 135 электрлі шаңсорғышы және "Алматытазалықтың" коммуналдық техникасы. Жабдық толығымен экологиялық таза, нөлдік шығарындылары бар және қыздар анық көрсеткендей, пайдалану да оңай. Басты мақсат – қала тазалығы әрқайсымыздан басталатынын, оның сақталуына бәріміз жауапты екенімізді көрсету. "Сүйікті қаламыздың тазалығы мен экологиясын сақтауға бірге атсалысайық", -деп атап өтті "Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазары.

Байқау серіктестері