Дильназ Тилаева: ұлттық сұлулық байқауының қатысушысынан "Қазақстан аруы" елшісіне дейін

Дильназ Тилаева: ұлттық сұлулық байқауының қатысушысынан "Қазақстан аруы" елшісіне дейін

Амбициясы жоғары студент Дильназ 2022 жылғы қарашада "Жер аруы Қазақстан" титулын жеңіп алды. Ал бір жылдан кейін "Vice Miss Earth-2023" құрметті атағының иегері атанды. Енді ол қазақстандық ұлттық сұлулық байқауының елшісі ретінде өзінің жарқын мансабын бастамақ.

Ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, енді Дильназ "Қазақстан аруы" байқауын барлық іс-шарада таныстырады, конкурсқа байланысты барлық іс-шараға қатысып, Қазақстанда конкурс ұйымдастырушылары атынан сұхбат беретін болады.

Бұл Дильназ Тилаеваның мансабындағы маңызды сәт қана емес, жалпы ұлттық сұлулық байқауындағы тарихи оқиға. Өйткені биыл Қазақстан атынан қатысқан сұлу алғаш рет "Жер аруы" халықаралық байқауының әлемдік сахнасында жетістікке жетті. Бұл ғажап жетістік Дильназдың таланты мен сұлулығын, сондай-ақ Қазақстан атынан әлемдік сұлулық байқауына қатысатын қатысушылардың деңгейі үнемі биікте екенін сипаттайды.

Енді Дильназ Тілаева «Қазақстан аруының» жарқын бейнесі болып табылады және жергілікті және жаһандық платформаларда байқауды ұсынатын болады. Дильназды осы маңызды қадамымен құттықтаймыз! Біз оның жарқын болашағына сенімдіміз және "Жер аруы" даңқты байқауында Қазақстанның жеңіске жеткенін мақтан тұтамыз. Дильназдың жолы ашық, тек жеңістер мен жетістіктерге толы болсын.

Байқау жаңалықтары

«Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпаздары анықталды

Финалда елдің ең әдемі қызы атағын кімнің жеңгені, кімнің көрермендер көзайымы болғаны және алдағы уақытта халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсететін арудың кім екені анықталды.

Уроженка Павлодара Аделина Балгымбаева выиграла в номинации «Miss People’s Choice Kazakhstan-2023» национального конкурса красоты

Уроженка Павлодара Аделина Балгымбаева выиграла в номинации «Miss People’s Choice Kazakhstan-2023» национального конкурса красоты

По результатам зрительского голосования девушку, завоевавшую титул «Мисс Павлодар-2023», официально признали любимицей казахстанской публики.

Байқау серіктестері