Жер аруы Қазақстан-2023 Аяулым Әлімхалиева Наурыз мейрамының құрметіне орай телемарафонға қатысты.

Жер аруы Қазақстан-2023 Аяулым Әлімхалиева Наурыз мейрамының құрметіне орай телемарафонға қатысты.
Жер аруы Қазақстан-2023 Аяулым Әлімхалиева Наурыз мейрамының құрметіне орай телемарафонға қатысты

Бойжеткеннің өмірі конкурстағы жеңістен кейін қалай өзгерді, оның басты күші неде және ол үшін Наурыз мейрамының мәні қандай?

Сүйікті көктем мен жыл басы Наурыздың келуіне орай «Хабар» арнасы телемарафон өткізді. Ол қазақтың ұлттық дәстүрін сақтауға, мейрамның заманауи форматын талқылауға арналған. 

«Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпаздарының бірі Аяулым Әлімхалиева қонақ ретінде шақырылды. Аяулым Sun Group мейрамхана холдингінің бренд-амбассадоры және биыл «Жер аруы» әлемдік сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

Телемарафон аясында Аяулым алтын түстес етіп тігілген қазақтың ұлттық киімін киіп, Қазақстандағы Наурыздың тойлануына қатысты өз әсерін бөлісті. «Бұл тек көктем мерекесі емес, біздің тарихымыздың, мәдениетіміз мен дәстүріміздің мейрамы. Жыл сайын Наурыз мейрамының мән-маңызы артып жатқанын көру, бай тарихымыз бен халқымыздың мәдениеті болашақ ұрпаққа жеткізілетінін көру мені қуантады. Әсіресе, жыл сайын Наурыз мейрамының ажырамас бөлшегіне айналып келе жатқан ұлттық киімдеріміздің әсерін айта кету керек. Биыл қазақстандықтар ұлттық киім үлгілерін кию трендін жаппай қолдады, бұл біздің түп-тамырымыз бен дәстүрімізге көрсетілген құрмет», - дейді Аяулым.

Аяулымның сөзінше, «Қазақстан аруы» конкурсының финалистері бұл бастаманы мақтанышпен қолдайды. «Біз ұлттық киіммен мәдениетіміздің байлығы мен сұлулығын ғана көрсетпейміз, тарихымыз бен мәдени мұрамызды жаңғыртамыз. 

Біздің әрбіріміз ұлттық колорит пен қазақ мәдениеті кодының жарқын символына айналсын», - деді бойжеткен. Ол сондай-ақ барлық қазақстандық пен олардың отбасыларына бақыт, ашық аспан, жақсылық пен молшылық тіледі.
Конкурстағы жеңісінен кейін өмірі, көзқарасы қалай өзгергенін білу үшін бізде «Жер аруы Қазақстан-2023» иегері Аяулыммен әңгімелестік.

— Аяулым, «Қазақстан аруындағы» жеңісіңізден кейін өміріңіз қалай өзгерді? Құндылықтарыңыз, өмірлік мақсаттарыңыз, армандарыңыз өзгерді ме?

— Мен конкурстың финалына дайындық кезде, кішкентай қаладан келген қарапайым адамды маған мүлдем бейтаныс адамдар қолдап жатқан кезде-ақ өзгерістер байқадым.
Конкурстағы жеңісімнен кейін қала көшелерінде адамдар мені тани бастады, суретке түсейік деп өтініш білдіргендер де болды. Мен шетелдегі түсірілмге қатыстым. Конкурстағы жеңіс – маған тиесілі нәрсе менен ешқайда кетпейтінін түсіндіріп, өзіме сенімділік берді. Конкурстың арқасында қазір өмірімде шешімді жылдам қабылдап, кез келген қиын істі қолға аламын. Үнемі өз жеңісімді ойға аламын – бұл маған күш-қуат, мотивация береді. Иә, бұл оңай болмады, бірақ мен бұл жолды лайықты еңсере алдым, демек басқа нәрсенің бәрі менің қолымнан келеді.

— Қазір қандай іспен айналысасыз?
— Қазір өзімнің жеке брендімді белсенді түрде қалыптастырып жатырмын және Instagram-дағы блогымды әдемі жүргізуге тырысудамын. Одан бөлек, қайырымдылықпен айналысамын, әсіресе, жануарлар мен экологияны қорғауға көп көңіл бөлемін. Біз үшін қоршаған ортаны сақтап, табиғатқа қамқор болу өте маңызды екеніне көзім жетті. Біздің сапалы өмір сүруіміз, ең алдымен өзімізге байланысты.

— Аяулым, сіздің басты күшіңіз неде деп ойлайсыз? Неліктен дәл сіз Қазақстан атынан «Жер аруы» байқауында бақ сынауыңыз керек?
— Сұлулық байқауында жеңімпаз болғаныма қарамастан, сұлулық субъективті деп ойлаймын. Адамның ішкі жан дүниесі сұлу болу керек! Менің басты күшім – менің тәрбием мен мейірімділігім. Ең бастысы – қандай жағдай болса да адам боп қалу. «Адам боп қалу» адамның өз қасиеттері мен құндылықтарын сақтау ғана емес, сонымен бірге басқаларға төзімділік таныту, басқа адамдардың пікірі мен көзқарасын құрметтеу және қабылдау мүмкіндігі екенін түсіну маңызды. Өйткені, біз әр түрліміз және әрқайсымыздың өмірде өз ұстанымымыз бар.

Байқау серіктестері